• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Олимпиада

    Әмір Зәкіров пен Әмір Маймұратов Олимпиадаға жолдама алды

    Мажарстанның Будапешт қаласында  брейкинг, спорттық құзға өрмелеу, скейтбординг пен BMX-фристайлдан лицензиялық турнирдің екінші сериясы өз мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Жекелей сында брейкингтен ел намысын қорғаған Әмір Зәкіров финалда Нидерланд өкілі Ли Винске есе жіберіп (2:1), күміс медаль алып, Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды.  Ал үшінші орынға Хонг Тен (Оңтүстік Корея) ие болды. Қазір екі ...

    Read More »

    Бокстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға кезекті дайындығын бастады (ВИДЕО)

    Бокстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға кезекті дайындығын бастады. Елдос Сайдалин жаттықтыратын құрама команда Алматы облысындағы Жанашыр ауылында жаттығу жиынын өткізуде. Бұл жерде дайындық кезеңі 2 шілдеге дейін болады. Ал Олимпиада қарсаңындағы соңғы жиын да дәл осы базада ұйымдастырылады. Қазақстан әйелдер командасы Олимпиялық ойындарға үш лицензияны жеңіп алды. Бокстан лицензия басқа спорт түрлері сияқты құраманың басқа спортшысына таңдап берілмейді. Ол атаулы жолдама болып ...

    Read More »

    Нысана көздеуден Олимпиадаға қатысатын спортшылар аталды

    Нысана көздеуден Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Ольга Довгун Олимпиялық ойындарға қатысатын спортшылар тізімін жариялады. Бас жаттықтырушының айтуынша, Олимпиадаға лицензия алған спортшылардың бәрі жазғы ойындарға қатысады. Яғни, лицензияны алған соң, оларға жолдама берілген. Қазақстан құрамасы сапында Никита Чирюкин, Александра Ле, Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский, Арина Алтухова мен Ирина Юнусметова нысана көздеуден сынға түседі. Қазір ел қоржынында спорттың 22 түрінен 71 жолдама ...

    Read More »

    Елжаңа Таниева Әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысады

    Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Елжаңа Таниева Италияның Милан қаласында өтетін Әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысады, деп хабарлады Olympic.kz.  Бұл жарыс 21-23 маусым аралығында болады. Қазақстан сапынан тек бір спортшы бақ сынайды. Елжаңа Таниева биылғы Олимпиадада өнер көрсетеді. Ол Ташкентте өткен Азия чемпионатында квота жеңіп алған болатын. Таниева ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әлия Юсупованың жетекшілігімен жаттығады.  

    Read More »

    Косоволық қыздар тағы да Олимпиада чемпионы атағына үмітті

    Жұрттың қыздары не жеп, Олимпиада чемпионы болады, осы. Былтыр Астанаға жарысқа келген косоволық Нора Гяковамен сөйлесіп, жақын таныстым. 31 жастағы Нора Гякова – дзюдодан Токио Олимпиадасының чемпионы. Әлем чемпионатында қола және Еуропа чемпионатында 1 алтын, 4 қола медальді алған. Еуропа ойындарында 1 күміс пен 1 қола жүлдесі және бар. Косово Жапонияда өткен Олимпиадаға екі-ақ спортшы жіберген. Дистрия Красники мен Нора ...

    Read More »

    Жапон қызы Олимпиадада алтын жүлде ала ма?

    Жиырма жастағы Акари Фужинами — әйелдер күресінен Жапония мен әлемнің бірінші нөмірлі палуаны. Ол жеті жыл бойы ешкімнен жеңілмеген. Өз салмағында үздік атанған А.Фуджинами биылғы Олимпиялық ойындарға 53 кг салмақ дәрежесінде қатысады. Былтыр Астанада күрес түрлерінен өткен Азия чемпионатына Күншығыс елінің командасы да қатысты. Сол жарыста әйелдер күресінен Жапония құрамасының бас жаттықтырушысы Канехама Риодан сұхбат алдым. Оның айтуынша, Жапонияда 53 ...

    Read More »

    Әлемнің үздік теннисшілері Олимпиадаға қатысудан бас тартып жатыр

    Әлемнің 10-ракеткасы тегі Тунистен шыққан франциялық теннисші Онс Жабер өз елінде болатын Олимпиялық ойындарға қатысудан бас тартты. Сонымен бірге Олимпиадаға Беларусьтің өкілі Арина Соболенко мен Ұлыбританияның спортшысы Эмма Радукану да қатыспайтынын айтты. Онс Гилл Олимпиадаға қатысты ойын әлеуметтік желіде түсіндіруге тырысты. Құрметті жанкүйерлер! Мен медициналық тобыммен кеңесе келе, Париж Олимпиадасына қатыспау туралы шешім қабылдадым. Қазір менің жарақатым тізіме батып тұр. Тізем ...

    Read More »

    ҰОК Олимпиадада ту ұстаған спортшылардың киімін музейге табыс етті

    Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті 2020 жылғы Олимпиялық ойындарда ту ұстаушылар киген костюмді  Ұлттық музейдің қорына табыс етті, деп хабарлады Olympic.kz.  Бұл — Халықаралық Олимпиада күнін атап өту аясындағы алғашқы іс-шара. Ұлттық Олимпиада комитеті бірегей киім үлгісін музейдің коллекциясына  тапсырды. Киім үлгісімен Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында Олимпиялық ойындар мен бокстан әлем чемпионатының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен еліміздегі ең танымал спортшы, жеңіл атлетикадан ...

    Read More »

    Олимпиадаға дайындық пысықталды

    Бүгін Астанадағы Олимпиадаға дайындық штабында кезекті басқосу болды.  Жиынға белгілі қоғам қайраткерлері, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, спорт журналистикасының ардагерлері қатысып, штаб өкілдерімен бірге ұлттық құраманың алдағы бас додаға дайындығын пысықтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Қонақтар қатарында дүниежүзілік және Қазақстан  тоғызқұмалақ федерациясының президенті  Әлихан Бәйменов, қоян-қолтық ұрыстан республикалық федерация басшысы Абай Тасболатов, 1972 жылғы Мюнхень Олимпиадасының күміс жүлдегері Виктор ...

    Read More »

    Кирилл Герасименко үстел теннисінен Олимпиада жолдамасын алды

    Үстел теннисінен Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Олимпиялық ойындарға жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлады olympic.kz. Ол енді іріктеу кезеңдерінде жинаған ұпайы бойынша Олимпиадаға қатысады. Халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңарған рейтингінде теннисші құрлықта жолдама алмаған спортшылар арасында бірінші орында тұр. Айта кету керек, Герасименко осымен үшінші рет Олимпиялық ойындарға жолдама алып отыр. Ол Рио-2016 және Токио-2020 ойындарына қатысқан. Қазір елімізде Олимпиадаға ...

    Read More »