• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Теннис

    «Ролан Гаррос»: Бублик тұңғыш рет төртінші айналымға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол дүниежүзілік рейтингіде 200-орында тұрған 21 жастағы португалиялық Энрике Рошамен ойнап, қарсыласын 6:1, 7:5, 6:2 есебімен оңай жеңді. Бір сағат 41 минутқа созылған матчта Бублик 9 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Осылайша, топырақ төсенішіндегі кортта ойнауды онша құп көрмейтін Бублик биыл сәтті ...

    Read More »

    «Ролан Гаррос»: Бублик сенсация жасап, алғаш рет үшінші айналымға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінде камбэк жасап, алғаш рет үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол Франция ашық чемпионатындағы екінші ойынын әлемнің 9-ракеткасы, австралиялық Алекс де Минаурға қарсы өткізді. Бублик осы кезге дейін «Ролан Гарроста» үшінші айналымға шығып көрмеген еді. Бастапқы екі партия 6:2 есебімен австралиялық теннисшінің пайдасына шешілді. Үшінші сетте Бублик 3:0 есебімен ...

    Read More »

    Рыбакина биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол жарыстың төртінші ракеткасы болып тіркеліп, финалда әлемнің 19-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен ойнады. Бірінші партияда есеп 2:1 болған кезде Рыбакина брейк жасай білді. Содан кейін қарсыласына дес берген жоқ. Есеп — 6:1. Екінші сетте отандасымыз брейкпен алға шыққанымен, Самсонова ...

    Read More »

    Қазақстан Дэвис кубогының іріктеу сайысын сәтті бастады

    Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Қазақстан құрамасы (капитаны Сергей Квак) D тобына Қытай, Иран және Жаңа Зеландия командаларымен бірге түсті. Бастапқы матчта отандастарымыз Жаңа Зеландияны 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Алдымен Михаил Мищенко тартысты матчта Бленд Лукуды 6:3, 5:7, 6:4 есебімен тізе бүктірді. ...

    Read More »

    Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің чемпионы атанды

    Әлемнің 318-ракеткасы Зарина Дияс Жапонияның Куруме қаласында өткен ITF W50 турнирінде топ жарды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол финалда жапон спортшысы, әлемнің 288-ракеткасы Аяно Шимицумен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бірінші партияда жергілікті спортшы 2:0 есебімен алға шыққанымен, Зарина Дияс таразы басын аудара білді. Есеп — 6:4. Екінші сетте де Шимицу 2:0, 3:1 есебімен алға шықты. Бірақ Зарина Дияс бұдан ...

    Read More »

    Жібек Құламбаева Мадрид турнирінің жеңімпазы атанды

    Жібек Құламбаева жұптық сында Испанияның Мадрид қаласында өткен ITF W100 турнирінде үздік шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Финалда Құламбаева мен Уэрго испаниялық Марина Бассольс пен Андреа Ласаро Гарсияны жеңді. Бірінші сетте испандықтар 7:6 (9:7) есебімен жеңіске жетті. Алайда екінші сетте Жібек пен Николь 7:6 (7:4) есебімен есесін қайтарды. Жеңіс тағдырын шешкен чемпиондық тай-брейкте Қазақстан мен Италия өкілдері қарсыластарын 10:4 ...

    Read More »

    Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

    Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирін сәтті бастады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол жарысты екінші айналымнан бастап, әлем рейтингінде 62-орында тұрған жапониялық Моюки Утидзиманы 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Осыдан кейін үшінші айналымда Испанияның өкілі Паула Бадосадан (10 WTA) басым түсті. Рыбакина 4:6, 7:6 (10:8), 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті. Ол екінші сеттегі тай-брейкте ...

    Read More »

    Рыбакина Дубайдағы турнирді жеңіспен бастады

    Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирін сәтті бастады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол жарысты екінші айналымнан бастап, әлем рейтингінде 62-орында тұрған жапониялық Моюки Утидзиманы 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Енді Елена Рыбакинаға жарыстың ширек финалына шығу үшін әлемнің 10-ы ракеткасы испаниялық Паула Бадосамен ойнайды.  

    Read More »

    Бейбіт Жукаев алғаш рет жұптық сында челленджер турнирінің жеңімпазы атанды

    Теннисші Бейбіт Жукаев жұптық сында Бахрейннің Манама қаласында челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жукаев Украина спортшысы Виталий Сачкомен бірге финалда Беларусь өкілі Иван Лютаревич пен франциялық Люка Санческе қарсы бас жүлдені сарапқа салды. Бұл матчта Жукаев пен Саяко 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Бейбіт Жукаев алғаш рет жұптық сында челленджер додасында үздік шықты. Бұған дейін ...

    Read More »

    Теннисші Бейбіт Жұқаев челленджер турнирінің ширек финалына шықты

    Әлемнің 244-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты. Бейбіт Жұқаев екінші айналымда отандасымыз әлемнің 197-ракеткасы Дмитрий Попкомен ойнады. Жұқаев Попконы 6:3, 7:6 (7:3) есебімен жеңді. Қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 231-орынға көтеріліп тұрған Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 149-ракеткасы, жапониялық Ясутака Утиямамен немесе рейтингіде 235-сатыдағы эстониялық Марк Лайальмен кортқа шығады. Осы жарыста рейтингіде 249-орындағы Денис ...

    Read More »