Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик теннистен Францияның Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Ол төртінші айналымда әлемнің 5-ракеткасы, Ұлыбританияның 23 жастағы спортшысы Джек Дрейпермен ойнап, оны айқын басымдықпен жеңді.
Осыған дейін қарсыластар үш рет ойнап, соның екеуінде Дрейпер жеңген еді. Ал мына үшінші ойында олар топырақ төсенішінде алғаш рет ойнады.
Бірінші партияда есеп 5:5 болған кезде ұлыбританиялық спортшы брейк жасап кетті. Есеп — 7:5. Есесіне екінші сетте Бублик есе қайырды. Есеп — 6:3. Содан кейін отандасымыз үшінші сетті 6:2 есебімен бітіріп, төртінші партияны брейкпен бастады. Есеп — 2:0. Ақыры матчты 6:4 есебімен аяқтады.
Осылайша, Бублик алғаш рет Франция ашық чемпионатының ширек финалына шықты. Енді ол жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнермен ойнайды.