• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Александр Бублик Галле турнирінің екі дүркін жеңімпазы атанды

    Еліміздің бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өткен ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Ол финалда әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевпен бірінші орын үшін ойнады.

    Осыған дейін қарсыластар бір-бірімен алты рет ойнап, соның бәрінде Медведев жеңген еді.

    Бубликтің өзі де ресейлік теннисшілерден тек Медведевті жеңе алмай жүргенін мойындаған болатын.

    Бұл жолы бірінші партияда есеп 4:3 болған кезде Бублик брейк жасай білді. Есеп — 6:3. Екінші сетте тай-брейкте Бублик сәтті ойнады. Есеп 7:6 (7:4) болды, — делінген хабарламада.

    Осылайша, Бублик ATP турнирлерінде бесінші титулын жеңіп алды. Соның ішінде ол 2023 жылы Галле додасында үздік шыққан еді.

    Александр Бублик алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде 30-орынға көтеріледі.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *