• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан волейбол федерациясы

    Қазақстан жастары — жағажай волейболынан Азия чемпионы!

    Таиландта 21 жасқа дейінгілер арасында жағажай волейболынан Азия чемпионаты аяқталды.

    Бұл сында құрама сапындағы Клим Рюхов пен Владислав Мастихин өз тобынан екінші орынмен плей-офф кезеңіне шығып, 1/8 финалда Жаңа Зеландияны 2:0 (21:11, 21:16) есебімен жеңді.

    Содан кейін ширек финалда Қытайдың екінші жұбындағы спортшыларын  29:27, 32:30 есебімен тізе бүктірді.

    Жартылай финалда камбэк жасап, Таиландты 2:1 (18:21, 21:11, 16:14) есебімен қапыда қалдырды. Ал финалда Қытайдың бірінші жұбынан 2:0 (21:19, 21:16) есебімен айласын асырды.

    Осылайша, Қазақстан жағажай волейболы тарихында 21 жасқа дейінгілер арасында алғаш рет Азия чемпионы атанды.

    Бұдан басқа Клим Рюхов пен Владислав Мастихин Мексикада өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *