• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Футбол

    Байсуфиновке «бес» деген баға береміз! (ВИДЕО)

    Бүгін кешке «Астана Арена» екі сағаттай теңселіп тұрды. Осы күні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынын Бельгия командасымен ойнап, жанкүйерге керемет кеш сыйлады. Бұл матч 1:1 есебімен аяқталды. Сөйтіп, Талғат Байсуфинов жасақтаған ұлттық құрама дүниежүзілік рейтингте 8-орында тұрған азулы қарсыласымен тең түсіп, жанкүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Әңгіменің ашығын айтсақ, көп адам Қазақстан құрамасының ...

    Read More »

    EURO-2026: Қазақстан U-17 алғашқы матчта үш ұпай алды

    Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Неделище қаласында Еуропа чемпионатының 2026 жылғы іріктеу турнирі аясында осы елдің құрама командасымен ойнады. Бауыржан Сағындық жаттықтыратын команда алаң иелерін 2:1 есебімен жеңіске жетті. Матчта голды Ислам Рақым мен Расул Акимов салды. Хорваттар сапынан Юрай Фриган пенальтиден допты торға тоғытты. Айта кету керек, қарсылас команда матч соңында таразы басын теңестіруге мүмкіндігі болды. Алайда Лука Бартолович ...

    Read More »

    «ПСЖ» президенті Нассер әл-Хелаифи ҚФФ кеңсесіне келді

    «Пари Сен-Жермен» футбол клубының президенті, УЕФА Атқарушы комитетінің мүшесі Нассер әл-Хелаифи Қазақстанға сапары аясында Қазақстан футбол федерациясының кеңсесіне келді, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Ол ҚФФ президенті Марат Омаровпен кездесіп, Қазақстандағы футболдың дамуын, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және ықтимал инвестициялық әріптестік бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, Нассер әл-Хелаифи Қазақстан футбол федерациясының музейіндегі ел футболының тарихына арнап қойылған экспозициялармен танысты. Кейін «Астана» және «Жеңіс» ...

    Read More »

    «Қайрат» пен «Пафос» тең есеппен тарқасты

    Алматыда Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур аясында «Қайрат» пен Кипрдің «Пафос» футбол клубтары ойнады. Бұл матчта гол соғылған жоқ. Ойын тең аяқталып, есеп 0:0 болып тіркелді. Ойында командалардың гол салуға мүмкіндіктері бірдей болды. Десе де қарсыластар соңғы сәтте теңбіл допты торға тоғыта алмай жатты. Жалпы, командалар жақсы ойын өрнегін көрсетті. «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбек бірнеше сейв жасап, командасын голдардан ...

    Read More »

    19 жастағы футболшы мезгілсіз көз жұмды

    «Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеу көз жұмды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. -Қазақстан футбол федерациясы «Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүниеден өткенін қайғырып қабыл алды. Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Диастың өмірден ерте кетуі орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз. ҚФФ Диастың ата-анасына, туыстарына және барша жақындарына ...

    Read More »

    Қазақстан Солтүстік Македонияны соңғы мүмкіндігінен айырды

    Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Солтүстік Македония командасымен ойнап, 1:1 есебімен тең түсті. Бұл матчта ұлттық құрама жақсы ойнады. Алаң иелері де жеңіске жетуге бар күш-жігерін салды. Командалардың гол соғуға бір емес, бірнеше мүмкіндіктері болды. Бірінші болып допты торға Қазақстан құрамасы тоғытты. Ойынның 54-минутында Дінмұхамед Қараман ұлттық құраманы  алға шығарды. Одан кейін македониялық Энис Барди 74-минутта ...

    Read More »

    УЕФА іріктеу турнирінің ережелерін өзгертуі мүмкін

    Еуропаның футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) әлем және Еуропа чемпионаттарына іріктеу тәртібіне өзгертуге ұсыныс жасауы мүмкін. Бұл туралы Report агенттігінің хабарлады. Агенттіктің хабарлауынша, ұйым ойындарға трансляциялау құқығын сатудан түсетін кірістің азаюына наразы. Сондықтан іріктеу турнирлерін өткізу формуласын өзгертуге дайын. Атап айтқанда, Ұлттар лигасын әлем чемпионаты немесе Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі ретінде пайдалану ұсынылады. Сондай-ақ жұмыс тобы бір лига кестесі бар швейцариялық ...

    Read More »

    Бразилия футболшысы жеті гол соғып, ұсталды

    Финляндия чемпионатының бесінші дивизионында ойнайтын «Финнкурд» клубының бразилиялық футболшысы Жонатан Геррейро дау-дамайдың ортасында қалды. Corriere della Sera басылымының хабарлауынша, ойыншы келісілген матчтарды ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Ол демалыс күндері чемпионаттағы кезекті ойында 7 гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Бұл матч 8:1 есебімен аяқталды. Алайда оны бас төрешінің ысқырығы берілгенде полиция қызметкерлері алаңнан алып кетті. Содан кейін ол қамауға алынды. Ал ...

    Read More »

    Қазақстан Лихтенштейннің қақпасына төрт допты тоғытты

    Бүгін Қазақстан құрамасы Лихтенштейн командасымен футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті матчын ойнады. Матчта ұлттық құрамада Ғалымжан Кенжебектің тамаша ойынымен көзге түсті. Ол әуелі 26-минутта бірінші голын соқты. Содан кейін ол командаласы Бахтиёр Зайнутдиновке пас беріп, соңғысы оны голға айналдыра білді. Екінші таймда да ойынның 57-минутында Ғалымжан Кенжебек тағы да Лихтенштейннің қақпасын нысанаға алды. Ал 81-минутта Әлібек Қасым ...

    Read More »

    Бүгін қарт құрлықта ұлттық құрамалар алаңға шығады

    Бүгін Еуропаның бірнеше қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турниріне қатысын жатқан ұлттық құрама командалар алаңға шығады.   Матчтар төрт топтағы құрамалар арасында болады. C тобында Шотландия мен Грекия, Беларусь пен Дания ойнайды. Қазір Дания мен Шотландия турнир кестесінде екі турдан кейін 4 ұпаймен бірінші және екінші орында келе жатса, Грекия үш ұпай алды. Ал Беларусь құрамасында әзірше ұпай ...

    Read More »