Футболдан Қазақстанның ұлттық құрама командасы Борисов қаласындағы «Борисов-Арена» стадионында Беларусь елінің ұлттық құрамасымен ойнады. Жолдастық матчта Қазақстан құрамасы 1:4 есебімен жеңілді. Беларусь құрамында Валерий Громыко, Валерий Бочеров, Трофим Мельниченко мен Евгений Шикавка бір-бір доптың авторы атанса, Қазақстан құрамасының жалғыз голды 74-минутта Ғалымжан Кенжебек салды. Оған Наурызбек Жагоров пас берді. Енді Қазақстан құрамасы 9 маусымда 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында ...
Read More »Tag Archives: Футбол
Өзбекстан алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды
Футболдан Өзбекстанның ұлттық құрама командасы алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды. Енді өзбек елінің жасағы келесі жылы Атлант мұхитының ар жағында жатқан АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионатына қатысады. Бұл жолдаманы Өзбекстан құрамасы іріктеу турнирде өз тобында екінші орынға ие болып, жеңіп алды. Бүгін ала шапанды ағайындар Әбу-Дабиде Біріккен Араб Әмірліктерінің құрамасымен 0:0 есебімен тең ойнады. Осы есеп Өзбекстанның ...
Read More »Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО-2027 іріктеу турнирін жеңіспен бастады
Бүгін Астанада футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Андорра командасымен ойнап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтың 11-минутында «Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Олжас Байбек жалғыз доптың авторы атанды. Бұл матчта Дастан Сатпаев жастар құрамасы сапында алғаш рет алаңға шықты. Ол 85 минут ойнады. Қазақстан U-21 құрамасы келесі ойынын 8 қыркүйекте Англиямен ойнайды. Қазақстан құрамасының тобында Словакия, Ирландия және Молдова құрамалары бар. ...
Read More »Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирін бастайды
Бүгін футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінде Андорра командасымен ойнайды. Жастар құрамасы D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра командаларымен бір топқа түсті. Аға жаттықтырушы Денис Мамоновтың ойыншылары 2 маусымда Астанада жиналып, оқу-жаттығу жиынын өткізді. Бүгін болатын матч «Астана Арена» стадионында 19:30-да басталады. Одан кейін жастар құрамасы 8 маусымда Англия командасымен жасыл ...
Read More »Дастан Сәтпаев ұлттық құрама мен жастар құрамасына шақырту алды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының ойыншысы, жас талант Дастан Сәтпаев 21 жасқа дейінгі жастар құрамасына да шақырту алды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман айтты. Оның айтуынша, футболшы әуелі ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына қатысып, одан кейін Қазақстан U-21 құрамасына қосылады. 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Андорраға қарсы матчқа дайындалады. Бұл ойын 5 маусымда сағат 19:30-да «Астана ...
Read More »Ұлттық құраманың Беларусь пен Солтүстік Македониямен матчтарға тізімі жарияланды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттыықтырушысы Әли Әлиев маусым айында болатын матчтарға шақырту алған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Құрамға 27 ойыншы енді. Оқу-жаттығу жиыны 31 мамырда Астанада басталады. Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Бекхан Шайзада («Ордабасы»); Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», ...
Read More »ЕURО-2027: Қазақстан жастар құрамасының тізімі жарияланды
Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Денис Мамонов 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. 5 маусымда Қазақстан U-21 құрамасы іріктеу кезеңін Андорра жастар құрамасына қарсы ойынмен бастайды. Матч «Астана Арена» стадионында 19:30-да басталады. Айта кетейік, жастарымыз D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларына қарсы ойнайды. Команданың оқу-жаттығу жиыны 1 маусымда ...
Read More »Қазақстан құрамаларының алдағы оқу-жаттығу жиындары мен матчтарының кестесі
Халықаралық ресми жарыстарға дайындық аясында Қазақстанның ұлттық және жасөспірімдер құрамалары 23 мамыр мен 10 маусым аралығында бірқатар оқу-жаттығу жиындары мен жолдастық және ресми матчтар өткізеді. Қазақстан ұлттық құрамасы Бас жаттықтырушы – Әли Әлиев Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындықты жалғастырады. Оқу-жаттығу жиыны аясында команда екі халықаралық матч өткізеді. 5 маусым күні Минск қаласындағы «Динамо» стадионында Беларусь ...
Read More »Ұлттық құрама алдағы матчтарға ойыншылар тізімін жариялады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Әли Әлиев маусымда өтетін Беларусь (5 маусым) пен Солтүстік Македонияға (9 маусым) қарсы матчтарға шақырту алған ойыншылардың жалпы тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Тізімге 36 ойыншы енді. Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Бекхан Шайзада («Ордабасы»); Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де – ...
Read More »Тұнықтан түлеп ұшар таланттар
Адам жүрексіз өмір сүре алмайтын болса, Отансыз, туған жерсіз өмір сүре аламайды. Туған жерінде жүріп өзінің ауыл аймағының жақсысын асырып, жаманын жасырып, ел үшін еңбек ету ешқашан ескерусіз қалмасы анық. Ақ сүтін беріп аялап өсірген ананы қалай сүйсең, туған еліңді, жеріңді де солай сүю қасиетті борышымыз. Ал туған жеріне туын тігіп, ағайынның аты озғанша ауылдасымның аты озсын деп шауып жүрген ...
Read More »