… Футболдан әлем чемпионаты аяқталды! Чемпионаттың басында болмасам да соңғы нүктесін қойған сәтіне куә болдым. Бұл менің спорт журналисі ретіндегі,футболды сұлудай сүйетін жан ретіндегі басты БАҚЫТЫМ! … Финалда ойнаған Испания мен Аргентина құрама командаларының ойынының бір секундын жібермей көрдім! Ойын соңындағы төбелесті де көрмес көзім көрді… Одан кейінгі жеңімпаз бен екінші жүлдегерлерді марапаттау рәсімін де көзіме жас ала отырып тамашаладым. ...
Read More »Tag Archives: Футбол
Тактикалық қателік немесе Мессидің көз жасы
Әлем футбол жанкүйерлері төрт жыл бойы күтіп тамашалаған әлем чемпионаты да өз мәресіне жетіп, жеңімпаз команданың да есімі белгілі болды. Футбол десе ішкен асын жерге қоятын ала доптың жанкүйерлері бір айда астам уақыт бойы АҚШ, Канада және Мексикада 48 мемлекеттің қатысуымен өткен аламан доп додасын үзбей көріп, қызығына қанық болды. Иә, 2026 жылғы әлем чемпионы Испания құрамасы атанды. Аргентина күміс жүлдені місе ...
Read More »Футболдан әлем чемпионатының финалын алты рет тамашалаған қазақ журналисі
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 75 жастағы отандық спорт журналисі, белгілі қаламгер Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты Несіп Жүнісбайұлы футболдан жақында АҚШ, Канада және Мексикада болған әлем чемпионатына арнайы барып, стадионнан төрт жылда бір келетін дүрмекті доданың финалын тамашалады. Ол осымен журналист ретінде алтыншы рет әлем чемпионатын стадионнан қарап қайтты. Қаламгер Elordainfo.kz сайтына сұхбатында FIFA аккредитациясын алу жолын айтып, Атлант мұхитының ар жағында ...
Read More »… М Е С С И жауған К Ү Н!!!
…. Аргентина — Англия ойынының алдында Атлантаның көшелері аргентиналық жанкүйерлерге… Жо-жоқ, таза МЕССИГЕ толды да кетті!!! Анда қарасаң да МЕССИ, мында қарасаң да МЕССИ, көзіңді ашсаң да МЕССИ, көзіңді жұмсаң да Месси! Олардың Priory көшесімен жасаған шеруін көруге көз керек! Бір сөзбен, ойын басталмай тұрып, Аргентина жанкүйерлері МЕССИ деген нөсерді төгіп-төгіп жіберді! Әлі төгіп жатыр… Бұл нөсер бүгінгі ойын басталғанда ...
Read More »Жұмыры бардың ғұмыры бар
“Адам денесінің жетілуі — оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болса, онда денді сауықтыру керек”, -деп денсаулықтың қадірі туралы ұлы шығыстың ойшылы Әл-Фараби асқан білгірлікпен айтқан екен. Спорт оптимистік өмірмен, сергектік мәдениетін қалыптастыратын болса, осы бір қамшының сабындай қысқа уақытта, дене қимылын арттырып, қозғалысты күшейткенде ғана өмірге деген сүйспеншілік арта түседі деп ойлаймыз. Әрине, үлкен ...
Read More »Ауылдастың аты озған жарыс
Шағын футболдан жыл сайын Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Теміржол ауылдық округіне қарасты Қазыбек бек ауылында дүбірлі жарыс ұйымдастырылып келеді. “Бұл жарыс өтеді” деген сыбыс естіле сала, “тойдың болғанына боладысы қызық”, – демекші Жамбыл ауданы мен Алматы қаласының теңбіл доп шеберлері дайындықтарын пысықтап, бейнебір халықаралық жарысқа дайындалатындай әбігер күйде болады. Міне, биылғы аламан ойында жылдағыдан да тартысы көңіл—күйде болып өтті. Биылғы жарыс жыр алыбы Жамбыл ...
Read More »Өмірлеріне серпін берген жарыс
Әз-Наурыз мейрамына орай еліміздің әр өңірінде спорттық ойындар болып өтті. Сондай берекелі, мерекелі күннің аясында өткен іс-шараның бірі Алматы облысы Іле ауданының Өтеген кентінде ұйымдастырылды. Негізі Өтеген кентінде ардагерлері спорты өте жақсы дамып келеді. Осы өңірдегі спортқа жанашыр майталмандардың атсалысумен спорттың әр түрінен ардагерлер арасында байрақты жарыстар өткізіліп келеді. Шағын футболдан Наурыз мейрамына қатысты ұйымдастырылған ардагерлер жарысында «сырлы аяқтың ...
Read More »UEFA Чемпиондар лигасы: «Қайрат» қомақты пайда тапты
2025/26 жылғы маусымда UEFA Чемпиондар лигасын негізгі кезеңінде өз тарихында алғаш рет ойнаған Алматының «Қайрат» клубының қанша пайда тапқаны белгілі болды. «Қайрат» сегіз матчта бір ұпай алды. Алматының клубы Португалияның «Спортинг» командасынан 1:4, Испанияның «Реал Мадридінен» 0:5, Италияның «Интерінен» 1:2, Грекияның «Олимпиакосынан» 0:1, Данияның «Копенгагенінен» 2:3, Бельгияның «Брюггесінен» 1:4, Англияның «Арсеналынан» 2:3 есебімен жеңіліп, Кипрдің «Пафосымен» ғана 0:0 есебімен ойнады. ...
Read More »…Жеребе тасталды — сәуегейлік басталды!
…Әлем чемпионатының ауыз көпіртер әңгімелері аз емес! 2026 жылы үш мемлекеттің футбол алаңдарында өтетін бұл төрт жылдың басты футбол додасы күтпеген кемшіліктерге сүрініп, Инфантино бастаған ФИФА қарағым жерге қарап жүрмесе болғаны. Ондай талас-тартыстың шеті бүгін-ақ қылтиып тұр… Сонымен, 48 команданы жіліктеп-мүшелеп, 12 топқа бөліп, қораға қамадық. Оларға көктемде келіп қосылатын 8 команданы қоса айтып отырмын. АҚШ-тың 11, Мексиканың 3, Канаданың ...
Read More »… Жеребе тасталды — сәуегейлік басталды!
Кеше түн жарымы ауғанша Американың Вашингтонында болған 2026 жылы АҚШ, Мексика және Канада мемлекеттерінде өтетін кезекті доп додасының, яғни, әлем чемпионатының, жеребе тарту рәсімін тамашаладым. Өзім ғұмырымда бес рет куә болған әлемдік доп додалары (Испания-82, Мексика-86, Италия-90, Франция-98, Бразилия-2014) көз алдымда, бұл жаңа ғасырда да төрт жылда бір айналып соғар футбол тойына тура бір өзім баратындай-ақ аузым аңқайып, тележәшікке кіріп ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары