Қазақстан халықаралық FIFA Arena жобасын іске асыру туралы келісімге алғашқылардың бірі болып қол қойды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Бұл бастама балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға және мектеп оқушыларына заманауи спорт инфрақұрылымына тең қолжетімділік жасауға бағытталған. Жоба аясында еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің аумағында 100 шағын футбол алаңы салынады. Бұл – жобаға қатысушы елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Алғашқы ...
Read More »Tag Archives: Футбол
Биыл бұқаралық спортпен 300 мыңнан астам адам айналыса бастаған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық спортты қолдау мен спортшыларға жағдай жасауды тұрақты назарда ұстап келеді. Президенттің бастамалары негізінде елімізде бұқаралық және балалар спорты қарқынды дамып жатыр. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, былтыр дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде 8,5 миллионға жуық адам айналысты. Бұл – жалпы халықтың 41,4% пайызы. Оның ішінде 6 021 117 адам (72%) – ер адам болса, ...
Read More »«Қарапайым болғанымен қиын сұрақ екен». Ұлттық құраманың ойыншысына журналисттің ойы ұнамай қалды
Бүгін Астанадағы «Астана Арена» стадионында футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу турниріне қатысып жатқан Қазақстан мен Уэльс ұлттық құрама командаларының матчы алдында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты болды. Осы жиында ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әли Әлиев пен команданың қорғаушысы Нұрәлі Әліп журналистердің ертеңгі ойынға қатысты сұрақтарына жауап берді. Әуелі бас бапкер ұлттық құраманың матчқа дайындығы туралы айтты. Ол ойын ...
Read More »Уэльс пен Бельгия Қазақстанмен матчқа жаңа ойыншыларды шақырды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстанмен ойнайтын Уэльс пен Бельгия ұлттық құрама командалары ойыншыларының тізімі жарияланды. Қазақстан мен Уэльс матчы 4 қыркүйекте Астана қаласында болады. Алғашқы ойында Қазақстан Уэльстен сырт алаңда 1:3 есебімен жеңілген болатын. Ойыншылар тізімі: Қақпашылар: Дэнни Уорд («Лестер»), Карл Дарлоу («Лидс»), Адам Дэвис («Шеффилд Юнайтед»). Қорғаушылар: Бен Дэвис («Тоттенхэм»), Джо Родон («Лидс»), Крис Мефам («Сандерленд»), ...
Read More »Қазақстан «Қайраттың» жеңісінен кейін УЕФА рейтингінде көтерілді
Қазақстан Алматының «Қайрат» клубының Чемпиондар лигасындағы сенсациялық ойынының арқасында УЕФА коэффициенттер кестесінде айтарлықтай алға жылжыды, деп хабарлады Zakon.kz. Ел чемпионының турнирдің негізгі кезеңіне шығуы Қазақстанға бірден бес саты қосып, 34-орынға көтерілуіне мүмкіндік берді. Енді Қазақстан Армения, Латвия, Финляндия, Косово және Босния және Герцеговина ассоциацияларының құрамаларын артта қалдырды. Мұндай серпіліс биылғы маусымдағы УЕФА рейтингіндегі ең үлкен жетістіктердің бірі болды. Осылайша, «Қайраттың» ...
Read More »Сайыпқыран: Қола жүлдені Жаудинов алды
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Әділжан Жаудинов Болгарияның София қаласында кадеттер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Дзюдошы 90 келіден аса салмақ дәрежесінде финаға дейін жетті. Үшінші орын үшін белдесуде Жаудинов Чехия спортшысы Меличар Школаны жеңді. Осылайша, ұлттық құрама қоржынында бес жүлде бар. Бұған дейін Ернұр Батырғали (60 келіге дейін) алтын медаль иеленсе, Мұхаммедәлі ...
Read More »«Реал» клубының директоры «Қайратқа» қатысты ойын айтты
Мадридтің «Реалд» клубының институционалдық қатынастар жөніндегі директоры Эмилио Бутрагеньо Чемпиондар лигасы жеребесінің нәтижесін бағалап, «Қайратпен» сырт алаңдағы ойын туралы пікір білдірді. «Реал» олармен бұрын ешқашан ойнаған емес. Олар өте алыста орналасқан. Бізге енді ойынға жақсы дайындалу керек. Әрбір матчтың маңызы зор. Ал қарсыластарымыз ерекше жігерленіп ойнайды. Біз жақсы ойнап, ұсақ-түйекке дейін мән беруіміз қажет,- деп айтты испаниялық клубтың директоры. Чемпиондар ...
Read More »«Қайрат» қарт құрлыққа қадам басты. Алғашқы қарсыласы – «Реал» (Мадрид)
Монакода футболдан УЕФА Чемпиондар лигасы 2025/2026 жылғы маусымдағы негізгі тобының жеребесі тартылды. Осы іс-шарада Алматының «Қайрат» клубының қарсыластары анықталды. Жеребе Чемпиондар лигасының негізгі тобына жолдама алған 36 клубтың арасында болды. Осы жаңартылған пішіндегі (формат) турнир екінші рет өткелі отыр. Бұдан кейін командалар біртұтас турнир кестесі аясында өзара ойнайтын болады. Жалпы кезеңнің қорытындысы бойынша үздік 8 команда бірден 1/8 финалға шығады. ...
Read More »«Қайрат» тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық турниріне шықты
Бүгін ару қала Алматы ғана емес, бүкіл қазақ даласы «Қайрат» футбол клубы үшін бөркін аспанға атып, қуанып жатыр. Осыдан сәл ғана уақыт бұрын Алматының теңбіл доп командасы Шотландияның «Селтик» жасағын пенальти сериясында 3:2 есебімен жеңіп, тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық турниріне шықты. Бұған дейін осыдан 10 жыл бұрын «Астана» клубы Чемпиондар лигасының топтық турнирінде ойнаған болатын. Енді міне, «Қайрат» дүрмекті ...
Read More »Қазақстан құрамасының Уэльспен және Бельгиямен матчтарға ойыншыларының соңғы тізімі
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Әли Әлиев қыркүйек айында болатын Уэльспен және Бельгиямен матчтарға шақырылған ойыншылардың соңғы тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»); Қорғаушылар: Әлібек Қасым, («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»); Жартылай қорғаушылар: Ислам ...
Read More »