Атырау қаласындағы «Жилгородок» атанып кеткен көпір астында ардагерлерге арналған шағын футбол алаңның құрылысы басталды. Бұл алаңды ардагерлерге арнап белгілі кәсіпкер, «Санжар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлан Жолболов салып жатыр. AtyrauPress-тің хабарлауынша, алаңның доп тебетін аумағының өзі мың шаршы метрге жуықтайды. Бұдан бөлек, оның сырты қоршалып, айналасына 100-ге жуық ағаш егіледі. Келушілерге ыңғайлы болу үшін көлік қоятын орын салынып, биодәретхана да қойылады. ...
Read More »Tag Archives: Футбол
Сейділда Байшақов өмірден өтті
Бүгін 73 жасына қараған шағында белгілі футболшы Сейділда Байшақов өмірден өтті. Сейділда Икрамұлы 1950 жылы 28 тамызда Тараз қаласында туған. 1968 жылы «Энергетик» клубында ойнады. 1969 жылы Қазақ КСР чемпионатында тұңғыш рет алаңға шықты. 28 сәуірде Павлодардың «Трактор» командасымен матчқа қатысты. 1971 жылы Алматының «Қайрат» клубына ауысты. 27 наурызда Ворошилов қаласының «Заря» клубына қарсы КСРО кубогында тұңғыш рет «қайраттықтардың» қақпасын қорғады. ...
Read More »«Алтын допты» иеленген танымал футболшы қайтыс болды
Әйгілі испандық футболшы Луис Суарес Мирамонтес қайтыс болды. Бұл туралы sports.ru сайтына сілтеме жасаған halyq-uni.kz хабарлады. «Алтын доп» иегері 88 жасында көз жұмған. Мирамонтес өз мансабында «Депортиво», «Барселона», «Интер» мен «Сампдория» сапында өнер көрсетті. «Барселонамен» бірге Луис екі рет Испания чемпионатын ұтса, «Интер» құрамында А сериясының үш дүркін чемпионы атанды. Сондай-ақ 1964 жылы Испания құрамасы сапында Еуропа чемпионатында топ жарған. ...
Read More »Еуропа чемпионатының талисманы таныстырылды
Еуропа футбол қауымдастығы (УЕФА) 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатының талисманын таныстыру рәсімін өткізді. Еуропа чемпионатының маскоты ретінде таңдалған қонжық Гельзенкирзен қаласындағы мектептердің бірінде таныстырылды. Қонжықтың Еуро-2024 турнирінің ресми талисманы ретінде таңдап алынуына осы ойыншықтың алғаш рет ХХ ғасырдың басында Германияда шығуы себеп болған екен. Енді алдағы екі аптада жанкүйерлер УЕФА ресми сайтында қонжыққа ат таңдайды. Ұсынылған төрт нұсқада да ...
Read More »Қазақ еліне жеңіс сыйлау біз үшін мәртебе – ұлттық құраманың ойыншылары (ВИДЕО)
Бүгін түнде Белфаст қаласында 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының турнирінің іріктеу матчында футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландия құрамасын 1:0 есебімен ұтып, Н тобындағы турнир кестесінде екінші орынға шықты. Ойынның 87-минутында алаңға шыққанына көп уақыт бола қоймаған шабуылшы Абат Айымбетов ұлттық құрама сапындағы сегізінші голын салып, Қазақстан құрамасы жеңіс сыйлады. Ол осымен биылғы матчтарда ұлттық құрамаға екінші рет жеңіс голын салып ...
Read More »EURO-2024: Қазақстан құрамасы қатарынан үш матчта жеңіске жетті
Футболдан 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы төртінші матчында сырт алаңда Солтүстік Ирландия командасымен кездесті. Матчта Қазақстан құрамасы алаң иелерін 1:0 есебімен ұтып, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Матчтың 88-минутында Абат Айымбетов ұлттық құрама сапындағы сегізінші голын салып, Қазақстан құрамасы жеңіс сыйлады. Одан басқа H тобында Финляндия құрамасы Сан-Мариноны 6:0 есебімен жеңсе, Словения мен Дания құрамалары ...
Read More »Ұпай алып, жанкүйерлерді қуантамыз! – Абат Айымбетов
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Белфаст қаласында Солтүстік Ирландиямен матчтың алдында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді: — Солтүстік Ирландия құрамасының бас жаттықтырушысы Майкл О’Нил Қазақстан ойыншыларының аса танымал емес, сол себепті олар туралы бірдеңе айту қиын екенін айтыпты. Оның сөзіне не айтасыз? Бұл біздің командаға басымдық бере ме? — Мен ол туралы ештеңе айта алмаймын. Не десе о десін. ...
Read More »Ақтауда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлады
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасыда үстіне металлдан жасалған футбол қақпасы құлап, содан жарақат алған 16 жастағы жасөспірім ес-түссіз жаттыр. Оның үстіне қақпа 20 мамырда құлаған екен. Сол кезде дәрігерлер Дәрігерлер оған ми жарақаты мен мидың шайқалуы диагнозын қойды, деп хабарлады Lada.kz. Lada.kz-тің хабарлауынша,24 мамырда кешке баланың анасы ауруханаға келген. Дәрігерлердің оны бес-жеті күн емдеу керек деп ескерткеніне қарамастан, ол қолхат жазып, ...
Read More »Месси де жаңа клубты таңдап қойды
Аргентина ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси жаңа команданы таңдады. Ол енді келесі маусымнан бастап Америка Құрама Штаттарының MLS лигасында ойнайтын болады. Месси «Интер Майами» клубын таңдады. Оның бұрынғы клубқа оралатын ойы жоқ сияқты. Ол АҚШ лигасына таңдауын жасады, — деді TNT Sports-тың журналисі Эрнан Кастильо. Қазір MLS лигасында «Интер Майами» турнир кестесінде соңғы орында келеді. Бұл ...
Read More »Түркіменстанда «Аркадаг» клубына құраманың 17 ойыншысы алынды
Түрікменстанда жаңадан құрылып, бірден йокары (жоғары) лигадан орын алған «Аркадаг» футбол клубына қатарын ел құрамасының ойыншыларымен толтырды. Бұл туралы «Хроника Туркменистана» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлады. «Фергана» ақпарат басылымының жазуынша, жаңа пайда болған «Аркадаг» клубында Орталық Азия чемпионатына қатысу үшін Түрікменстан құрамасына шақырылған 25 футболшының 17-сі, яғни 68 пайызы ойнайды. Команда басшылары тек құраманың қазір Сянганьның (Гонконг) «Китчи» командасында ойнап жүрген лидері Руслан ...
Read More »