• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    wikipedia.org

    Ақтөбеде Қазақстан футбол федерациясының штаб-пәтері орналасады

    Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов Ақтөбе қаласына арнайы сапарында облыс әкімінің орынбасары – «Ақтөбе» футбол клубының Директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Елеуовпен кездесті.

    Кездесуге ANTEQ ұйымының мүшелері, «Ақтөбе» ФК қызметкерлері, жаттықтырушылар мен футбол ардагерлері қатысты.

    Басқосуда федерация президенті Қазақстан футболының даму стратегиясын таныстырып, Ақтөбеде ҚФФ-ның штаб-пәтері орналасатынын айтты. Сондай-ақ, алдағы уақытта Ақтөбе отандық кадрларды дайындаудың ордасына айналатынын атап өтті.

    Кездесуде Ғалымжан Елеуов жергілікті менеджменттің дамуына бірлесе атсалысуға қолғабыс ететінін алға тартты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *