• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Нұрғали Жұмағазы

    Семсерлесуден Айгерім Сарыбай Олимпиада жолдамасын алды (ВИДЕО)

    Семсерлесуден ұлттық құраманың спортшысы Айгерім Сарыбай Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

    Ол Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан лицензиялық жарыстың финалында Гонконгтың өкілі Ку Винг Чудан 15:13 есебімен басым түсті.

    Осының алдында Айгерім Сарыбай қылыш жаттығуы бойынша жартылай финалда аустралиялық Вероника Василеваны 15:12 есебімен жеңген еді. Ал ерлер бәсекесінде Ғалым Нұрымов Сингапур өкілі Самуэль Робсоннан 13:15 есебімен жеңілді.

    Фуджейрадағы жарыста тек жеңімпаз ғана Олимпиадаға барады.

     

    Шамкен БАЙЫРБЕК,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *