Футболдан Қазақстан құрамасы мен Түркияның «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құраманың 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы 17 қарашада Сан-Марино мен 21 қарашада Словения командасымен болатын матчтарына қатыспайды. Бұл туралы ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев айтты. Бақтияр Қазақстан құрамасы сапында алдағы матчтарда ойнамайды. Оның қай кезде емделіп шығатынын расы керек, білмейді екенмін. Дәрігерлер қашан емделіп шығатынын ...
Read More »Tag Archives: Футбол
Бақтиер Зайнутдиновқа ота жасалды
«Бешикташ» клубы жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдиновқа Түркия чемпионатында «Ыстанбұл Башакшехир» командасымен матчта алған жарақатынан кейін ота жасалғанын хабарлады. Бақтиер Зайнутдиновқа матчтың 37-минутында жарақат алған соң, мұрнына операция жасалды. Оның мұрын сүйегі мен аңғалағының негізі сынғаны анықталды. Зайнутдиновтың мұрнына ота жасалып, таңғыш қалақ салынды, — делінген хабарламада. Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы Зайнутдиновтың жарақатына байланысты мәлімдеме жасап, оның ұлттық құраманың алдағы ...
Read More »EURO-2024: Қазақстан құрамасының нақты тізімі жарияланды
Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионаты аясында 17 қарашада Сан-Марино командасымен және 20 қарашада Словения құрамасымен болатын матчтарға шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады. Қорытынды тізімге 27 футболшы енді. Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Руслан Валиуллин (екеуі де – «Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Марочкин, ...
Read More »Ұлттық құрама Сан-Марино және Словениямен матчтарға дайындықты бастады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында 17 қарашада және 21 қарашада Сан-Марино мен Словения құрама командаларымен болатын матчтарға дайындықты бастады. Оқу-жаттығу жиыны Астанада болып жатыр, — деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. 10 қарашада ұлттық құрама Қазақстан U-21 құрамасымен бақылау ойынын өткізеді. Содан кейін ойыншылардың нақты тізімі анықталады. Жаттықтырушылар штабының шешімі бойынша Эльхан Астановтың орнына «Ордабасы» ...
Read More »Месси мансабын аяқтауға қатысты мәлімдеме жасады
Аргентина ұлттық құрамасы мен АҚШ-тың «Интер Майами» клубының шабуылшысы , әлем чемпионы Лионель Месси мансабын қашан аяқтайтынын айтты. Мен бұрын да айтқанмын, қазірде айтамын, мен бүгінгі күнмен өмір сүргім келеді. Болашағыма құмалақ ашпаймын. Физикалық тұрғыда қазір менде бәрі жақсы. Әлі қанша ойнайтынымды нақты айта алмаймын. Мұршам келмейтінін түсінгенше алаңға шыға беремін, — деді Месси Marca ақпарат құралына. Бұған дейін де Месси ...
Read More »Футболдан 2034 жылғы әлем чемпионатының қай елде болатыны анықталды
Футболдан 2034 жылғы әлем чемпионатының қай мемлекетте болатыны анықталды. Ол Сауд Арабиясы Корольдігінде болады. ФИФА президенті Джанни Инфантино 2034 жылы өтетін әлем чемпионатының Австралияның сайлауға қатысудан бас тартқанына байланысты Араб түбегіндегі мемлекетте болатынын айтты. Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантиноның айтуынша, Австралия өзінің өтінімін алғаннан кейін Сауд Арабиясы әлемдік доданы өткізуге үміткер жалғыз ел болып қалған. Еске салсақ, 2026 ...
Read More »«Алтын доп» сыйлығы УЕФА-мен бірігіп тапсырылады
France Football журналы «Алтын доп» сыйлығын Еуропаның футбол қауымдастықтары одағымен (УЕФА) бірігіп тапсыратын болады. Бұған дейін 2010 мен 2016 жылдары жылдың үздік футболшысына берілетін сыйлық Халықарылық футбол федарациясымен (ФИФА) бірігіп тапсырылған болатын. Енді УЕФА Еуропаның үздік футболшысы сыйлығын бермейтін болып шешілді. Оның орнына France Football журналы мен УЕФА ерлер және әйелдер арасында үздік атанған футболшы мен жаттықтырушыға жаңа аталымдар ұсынады. ...
Read More »Астанада Қазақстан футболының музейі ашылды
Астанада Қазақстан футболының 110 жылдығына орай отандық футболды насихаттау мақсатында Қазақстан футболының музейі ашылды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Іс-шараға «Астана» футбол орталығының тәрбиеленушілері, қазақ футболының ардагерлері, отандық футбол клубтарының жетекшілері, Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев пен ұлттық құрама команданың ойыншылары Бауыржан Исламхан мен Ян Вороговский қатысты. Музейді құруға атсалысқан ұжым 1913 жылы Семейде бастау алған Қазақстан футболының ...
Read More »ҚПЛ-2024: келесі маусымға қатысатын клубтар белгілі болды
Футболдан 2024 жылы Қазақстан премьер лигасына қатысатын командалар белгілі болды. Биыл ҚПЛ-да ойнаған клубтарға бірінші лигада алғашқы үш орынды алған клубтар қосылды. Сонымен мына командалар Қазақстан премьер лигасынның келесі маусымында ойнайтын болады: 1.«Ордабасы» (Шымкент) 2.«Астана» 3.«Ақтөбе» 4.«Қайрат» (Алматы) 5.«Қызылжар» (Петропавл) 6.«Қайсар» (Қызылорда) 7.«Атырау» 8.«Тобыл» (Қостанай) 9.«Мақтаарал» (Түркістан облысы) 10.«Шахтер» (Қарағанды) 11.«Жетісу» (Талдықорған) 12.«Елімай» (Семей) 13.«Тұран» (Түркістан) 14.«Жеңіс» (Астана) Осы маусымның ...
Read More »EURO-2024: Қазақстанның алдағы матчтарға кеңейтілген құрамы жарияланды
Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 17 қарашада Сан-Марино және 20 қарашада Словения құрамаларына қарсы өтетін ойындарға шақырылатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Тізімге 40 ойыншы енді. Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Астана»), Даниил Устименко («Қайрат»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Роман Асранқұлов, Руслан Валиуллин ...
Read More »