• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    «Ордабасы» клубы

    Шетел жаттықтырушысы Қазақстаннан кеткісі келеді (ВИДЕО)

    Беларусьтан  Шымкенттің «Ордабасы» клубының бас жаттықтырушысы болып тағайындалған Александр Седнев командадан кеткісі келетінін айтты.

    Бұл туралы «Ордабасы» клубының баспасөз қызметі хабарлады.

    Бас жаттықтырушы Александр Седнев «Қызыл-Жармен» өткен ойыннан кейін клуб басшылығына командадан кеткісі келетінін айтты. Шымкент қаласының басшылығы шешім қабылдауға уақыт алды, — делінген хабарламада.

    «Ордабасы» былтыр Қазақстан чемпионатын жеңіп алған еді. Ал биылғы маусымда тиісті нәтиже көрметпей келеді. Команда премьер-лиганың бес турында қарсыластарын екі рет жеңіп, екі рет тең ойнап, бір рет жеңілген. Клуб Алматының «Қайрат» жасағынан ғана жеңілді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *