Беларусьтан Шымкенттің «Ордабасы» клубының бас жаттықтырушысы болып тағайындалған Александр Седнев командадан кеткісі келетінін айтты.
Бұл туралы «Ордабасы» клубының баспасөз қызметі хабарлады.
Бас жаттықтырушы Александр Седнев «Қызыл-Жармен» өткен ойыннан кейін клуб басшылығына командадан кеткісі келетінін айтты. Шымкент қаласының басшылығы шешім қабылдауға уақыт алды, — делінген хабарламада.
«Ордабасы» былтыр Қазақстан чемпионатын жеңіп алған еді. Ал биылғы маусымда тиісті нәтиже көрметпей келеді. Команда премьер-лиганың бес турында қарсыластарын екі рет жеңіп, екі рет тең ойнап, бір рет жеңілген. Клуб Алматының «Қайрат» жасағынан ғана жеңілді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА