Белгілі спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы © BEK Sport Telegram-арнасы хабарлады. SportPress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайтының редакциясы әріптесімізге жаңа қызметте табыс тілейді.
Read More »Tag Archives: Қазақстан футбол федерациясы
Қазақстан футбол федерациясының өкілдері ФИФА конгресіне қатысты
Руанданың астанасы – Кигали қаласында 73-Халықаралық футбол қауымдастықтарының (ФИФА) конгресі болды. Оған Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов, бас хатшысы Олжас Абраев пен халықаралық департамент директоры Аян Әлжанов қатысты. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. Қазақстан футбол федерациясы хабарлауынша, Конгрестің күн тәртібінде былтырғы жылдың қорытындысы мен қаржылық есебі қабылданып, 2024 жылдың бюджеті бекітіліп, 2023-2025 жылдарға аудиторлар тағайындалды. Қазақстандық делегация конгресте өзге ...
Read More »Бауыржан Исламхан допинг дауынан кейін Қазақстан құрамасына шақырту алды
Бауыржан Исламхан Қазақстан ұлттық құрамасының қараша айында Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктерімен өткізетін жолдастық матчтарына шақырту алды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. «Футболшының екі жылдық дисквалификациясы аяқталып, кәсіпқой командамен жаттығуды жалғастыруға болатыны туралы тиісті құжаттар алынды», – делінген хабарламада. Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы бір ай бойы Бауыржан Исламханмен жаттықтыру жұмысын жүргізіп, командаға шақыру туралы шешім қабылдады. «Бауыржан туралы көп естігенмін. ...
Read More »Көңіл көңілден су ішеді
Бүгін Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен ауыр дертке шалдығып, емделіп жатқан белгілі әріптесіміз Галина Полеваяны қолдау үшін спорт ардагерлері мен журналистердің арасында қайырымдылық матч болды. Кездесу аталған ұйымның жаңадан салынған ғажап ғимаратының алаңында өтті. Әріптесіміз Галина Полевая ұзақ жылдар «Қазақстан» және «Хабар» телеарнасында жұмыс істеген. Ол алдымен үлкен жүректі адам. Кезінде көркем гимнастикамен айналысып, спорт шебері атанған. Телевидениеде жүргенде оның көп ...
Read More »