• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: әлем чемпионаты

    Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан Черногорияны ірі есеппен ұтты

    Алматыда футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің матчы болды. Онда Қазақстан құрамасы Черногория командасымен кездесіп, 7:0 есебімен ұтты. Бұл матчта голдарды Дуглас (2-минут), Әбдірасул Әбдіманапұлы (4), Арнольд Кнауб (15), Альберт Ақбалықов (21), Біржан Оразов (25, 25) пен Азат Валиуллин (40) салды. Осылайша, Қазақстан құрамасы тоғыз ұпай жинап, негізгі кезеңнің бесінші тобындағы бірінші орнын сақтап қалды. Қазір еліміздің ұлттық құрама ...

    Read More »

    Әлем чемпионаты: дойбышы Тоғжан Тәжібекова күміс жүлде алды

    Түркияның Анталия қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы дойбыдан әлем чемпионатында Тоғжан Тәжібекова күміс жүлдегер атанды. Әлемдік додада  19 елден 200-ге тарта ойыншы келіп, бақ сынады. Бұл жолы отандасымыз 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында дойбының рапид және классика түрінен де екінші орынға ие болды. Бұған дейін ол 64 шаршылы дойбыдан дәл сол санатта әлем чемпионы атанған еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Әлем чемпионаты: Ерғали Шамей алтын медальді жеңіп алды

    Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан парадзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын, екі қола жүлдемен толықты. Бұған дейін елімізге алғашқы алтын медальді  48 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ақмарал Науатбектің жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз. Одан кейін 73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен  Ерғали Шамей финалдық белдесуде Германияның балуаны Сасс Леннартті 1:0 ұпаймен жеңіп, екінші алтын жүлдені иеленді. Әлем чемпионатының ...

    Read More »

    Таеквондодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына аттанды

    Мексиканың Гвадалахара қаласында 13-20 қараша аралығында таеквондодан әлем чемпионаты өтеді. Пандемиядан кейін алғаш рет өтетін бәсекеге ерлер мен әйелдер арасындағы 16 салмақта 122 елден 755 спортшы тіркелген. Бұл жолы ел намысын 15 спортшы қорғайды. Ерлер құрамасы – Темірлан Тілеулес (54 кг), Самирхон Абабакиров (58 кг), Камран Нурадинов (63 кг), Алмат Қожахмет (68 кг), Нұрқанат Қожахмет (74 кг), Рахым Әділханов (80 ...

    Read More »

    Атыраулықтар қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш жүлдегерге пәтер сыйлады

    Атырауда дзюдошы Әбиба Әбужақынова мен оның жаттықтырушысы Мейіржан Есмағамбетовке құрмет көрсетілді. Атырау қаласында бір топ спорт жанашырлары мен спортшылар және жаттықтырушылар бас қосып, дзюдо күресінен қазақ қыздарынан шыққан әлем чемпионатының тұңғыш қола жүлдегері Әбиба Әбужақынова мен оның жаттықтырушысы Мейіржан Есмағамбетовке құрмет көрсетті. Әбиба Әбужақыноваға 48 келіде Ташкентте өткен әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алып,  ел мерейін асырған болатын. Арада 15 ...

    Read More »

    Футболдан әлем чемпионатын қайдан көруге болады?

    «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары футболдан Катарда өтетін әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді. «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтетін футолдан әлем чемпионатын көрсету құқығын иеленді. Жанкүйерлер мундиальдың матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Сонымен бірге qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн трансляция жасалады, — делінген корпорацияның хабарламасында. ХХІІ әлем чемпионаты Катардың 5 ...

    Read More »

    Әлем чемпионаты: Қазақстан каратэшілері алтын жүлде алды

    Қазақстан каратэшілері Түркияның Конья қаласында өткен әлем чемпионатында 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Бұл додаға әлемнің 105 елінен 1900 спортшы қатысып, күш сынасты. Онда Максим Москвичев жасөспірімдер арасында 61 келі салмақта топ жарды. Тағы бір отандасымыз Әлихан Қадырғали кадеттер арасында 70 келі салмақта сынға түсіп, жеңіс тұғырынан көтерілсе, жарысқа 55 келі салмақта жасөспірімдер арасында қатысқан Бэлла Самашева ...

    Read More »

    Израильде шахматтан әлем чемпионаты өтеді

    Қараша айында Израильде шахматтан командалық әлем чемпионат басталады. Бұл туралы Халықаралық шахмат федерациясы хабарлады. Чемпионат 19 – 26 қараша аралығында болады. Бірінші кезеңде 12 команда екі топқа бөлініп, дөңгелек жүйеде ойнайды. Әрбір партияға 45 минуттан беріледі. Бүл күніне екі ойыннан өткізуге мүмкіндік береді. Келесі кезеңге көп ұпай жинаған төрт құрама шығады. Турнирдің төртінші күні үзіліс жарияланады, содан кейін командалар Швейцария ...

    Read More »

    Қазақ самбошыларынан әлем чемпионатына кімдер барады?

    11 – 13 қараша күндері Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Онда 21 салмақта (ерлер 7, әйелдер 7, ерлер жауынгерлік самбодан 7) чемпион анықталады. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 231 мың АҚШ доллары. Чемпионға 4 мың, күміс жүлдегерге 3 мың, ал қола медальдің иегеріне 20 мың АҚШ долларынан беріледі. Ұлттық құрама сапында ерлер арасында болатын белдесулерге ...

    Read More »

    Шерлі Шәміл

    «Он был из породы гениальных борцов». Ян Дымов, ФИЛА-ның «Алтын орденінің» иегері, Украинаның еңбек сіңірген журналисі, күрестің білгір маманы. Қазақ спортшыларының ішінен олимпиялық спорт түрлері бойынша бірінші әлем чемпионы Шәміл Серіков екенін спорттың есеп-шотын қағушылар жақсы біледі. Шәміл 1978 жылы алғаш рет әлем чемпионатында топ жарса, 1979 жылы екінші мәрте дүние жүзі чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Оның бұл жетістігін ...

    Read More »