23-30 сәуір аралығы Астанадағы Ұлттық теннис орталығында («Beeline Arena») шахматтан ерлер мен әйелдер арасында Kazakhstan Chess Cup ашық турнирі өтеді. Оған Александр Рахманов (FIDE), Тамир Набати (Израиль), Тимур Гареев (АҚШ), Виталий Сивук (Украина), Денис Махнев (Қазақстан) пен басқа да шахматшылар қатысады. Ашық турнирге қатысушылардың рейтингі есепке алынбайды. Жарысқа жарнасын төлеген адамдар мен екі санаттан төмен емес шахматшылар жіберіледі. Турнирге жарнасыз ...
Read More »Tag Archives: «Астана»
Тағы бір Қазақстан шахматшысы әлемнің төрт дүркін чемпионын ұтты
Астанада шахматтан алғаш рет өтіп жатқан Қазақстанның әйелдер құрамасы мен әлем командасының арасындағы матчта Меруерт Камалиденова әлемнің төрт дүркін чемпионы қытайлық Хо Ифанды ұтты. Меруерт Камалиденованың өзі шахматтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, классикалық шахматтан былтырғы жылғы Қазақстан чемпионы. Жасы – 17-де. Қазақстан шахмат федерациясының хабарлауынша, ол әлемнің мықты шахматшыларының бірі саналатын Қытай өкілін аса қиналмай, сенімді түрде жеңді. Бұған дейін ...
Read More »Елдің намысын қолдан бермейміз – Рыбакина
Астанада теннистен Билли Джин Кинг Кубогы (Billie Jean King Cup) үшін іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан мен Польша командаларының матчы алдында жеребе тартылып, одан кейін қос ел құрамаларының қатысуымен брифинг өтті. Оған Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов пен екі елдің теннисшілері қатысты. Жеребе тарту рәсімінде белгілі болғандай, ертең болатын жекелей кездесуде Юлия Путинцева Магда Линеттемен, Елена Рыбакина Вероника Фальковскамен күш ...
Read More »Отандастарымызды жеңіспен қуантамыз – Ярослава Шведова
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова мен команда мүшесі Юлия Путинцева БАҚ өкілдеріне Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясында Польшамен өтетін матч қарсаңында сұхбат берді. Ярослава Шведованың айтуынша, 14-15 сәуірде Астанада болатын Қазақстан – Польша матчының маңызы зор. Біз өз елімізде жарысқа қатысып жатқанымызға қуаныштымыз. Польшамен ойында барымызды салып, жеңіске жетуге тырысамыз. Отандастарымызды жеңіспен қуантамыз. Әрине, ел намысын қорғау ...
Read More »Астанада шахматтан әлем чемпионаты басталды
7 сәуір мен 1 мамыр аралығында Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді. Онда әлем чемпионы атағы үшін Ян Непомнящий (ФИДЕ) мен Дин Лижень (ҚХР) бақ сынайды. Кеше Astana Ballet театрында чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қазақстан астанасына әлемнің түкпір-түкпірінен танымал шахматшылар, халықаралық шахмат федерациясының өкілдері келді. Ян Непомнящий (2793) мен Дин Лижень (2788) ФИДЕ әлемдік рейтингінде екінші және үшінші орындарда тұр. ...
Read More »Астанада IV қысқы жастар спорт ойындары аяқталды
Бүгін Астана қаласындағы «Алау» мұзайдынында конькимен жүгіруден IV қысқы жастар спорт ойындары мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні 1500 метр мен масс-стартта үздіктер анықталды. Әйелдер арасында 1500 метрде астаналық Алина Дауранова қарсылас шақ келтірген жоқ. Дарья Гаврилова (Астана) күміс, Алена Лифатова (Павлодар облысы) қола медальге ие болды. Ерлер арасында Вадим Якубовский (Қостанай облысы) чемпион атанса, Роман Биназаров (Қостанай облысы) пен Михаил Глущенко ...
Read More »Астанада дзюдодан Qazaqstan barysy Grand Slam турнирі өтеді
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Халықаралық дзюдо федерациясының (International Judo Federation, IJF) бас директоры Влад Маринескумен кездесті. Кездесуге сондай-ақ, Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты. Басқосуда тараптар биыл жазда астанада дзюдодан Grand Slam әлемдік сериясының кезеңін өткізу мәселесін талқылады. Ақпан айында дзюдо федерациясы мен IJF ұйымы 2023-2026 жылдары Grand Slam сериясының 12 кезеңінің біреуін елімізде өткізу туралы төртжылдық келісімшартты ...
Read More »«Астана» — Қазақстан Суперкубогының иегері
«Астана-Арена» стадионында «Астана» клубы Шымкенттің «Ордабасы» командасын 2:1 есебімен ұтып, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды. «Астана» былтырғы футбол маусымында еліміздің чемпионы атанса, «Ордабасы» Қазақстан Кубогының иегері болған еді. Бірінші таймда командалар матчтағы барлық голдарын салып үлгерді. Әуелі 8-минутта Алекса Аманович есеп ашып, «Астананы» алға шығарды. Арада бір минут өтер-өтпесте шымкенттіктер таразы басын теңестірді. Оны шұғыл қарсы шабуыл барысында Еркебұлан Тұңғышбаев баспен ...
Read More »Бибісара Асаубаева: «Биыл мен үшін маңызды жарыс көп»
Астанаға блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева мен анасы әрі жеке жаттықтырушысы Лиана Таңжарықова келді. Оларды әуежайдан БАҚ өкілдері, шахматтан ұлттық құраманың бас бапкері Павел Коцур мен Спортты дамыту дирекциясының ресми өкілдері күтіп алды. Осы жерде шахматшы журналистерге биылғы жоспары туралы аз-кем айта кетті. Биыл бірқатар маңызды жарыста ойнаймын. Әлемдік гран-прилер сериясы, әлем кубогы мен әлем чемпионатында жақсы ...
Read More »Қарттар үйіне бармайды: Астанада бокстан чемпиондарды жаттықтырған бапкер жалғыз қалған
Астанада бокстан талай чемпиондарды жаттықтырған бапкер Маман Жиешев қартайғанда жалғыз қалған. 80-нен асқан қария зейнетақысын кім алып жүргенін де білмейді. Бұл туралы Еуразия телеарнасы хабарлады. Көршілерінің айтуынша, екі қызын тұрмысқа берген қарияның ешкім қарайласпағаннан күйі кеткен. Ақыл-есі де кәріліктен немесе кезінде алған соққылары салдарынан кіресілі-шығасылы. Сондықтан тамақ істемек болып, бірнеше рет үйін өртеп ала жаздаған. Жалғыз қалған қария кейде жуыну ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары