• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Астанада дзюдодан Qazaqstan barysy Grand Slam турнирі өтеді

    Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Халықаралық дзюдо федерациясының (International Judo Federation, IJF) бас директоры Влад Маринескумен кездесті. Кездесуге сондай-ақ, Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты.

    Басқосуда  тараптар биыл жазда астанада дзюдодан Grand Slam әлемдік сериясының кезеңін өткізу мәселесін талқылады.

    Ақпан айында дзюдо федерациясы мен IJF ұйымы 2023-2026 жылдары Grand Slam  сериясының 12 кезеңінің біреуін елімізде өткізу туралы төртжылдық келісімшартты бекіткен болатын. Осы келісімге сәйкес, биыл жазда  Grand Slam әлемдік сериясының кезеңін өткізу мәселесі шешілді.

    Бұл турнир мәні мен мағынасы жағынан әлем чемпионатынан кейінгі екінші турнир болып саналады. Осы жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері әлемдік рейтингтегі  ұпайларын көбейтіп,  Жазғы Олимпиялық ойындарына жолдама алады. Биылғы турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері кеелсі жылы Парижде өтетін Олимпиадаға қатысуға рейтингтік ұпайлар жинайды. Онда з салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанған балуан 1000 балл алса, ал күміс жүлдегерлер 700, үшінші орынды иеленгендер 500 ұпай алады. байлайды. Одан кейін елімізде жалауы желбірейтін тағы бір дзюдо турнирі 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Олимпиадаға іріктеу жарысының бірі болады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *