Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды. Ол жарыста төрт рет ойнап, жартылай финалға шықты. Бірақ, 1/2 финалда Бекмұхамбетова қарсыласынан жеңіліп қалды. Осылайша, ол үшінші орынды қанағат тұтты. Бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова Болгария мен Испанияда өткен турнирлерде жеңіске жеткен еді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Tag Archives: Жәния Бекмұхамбетова
Жәния Бекмұхамбетова Болгариядағы турнирде жеңіске жетті
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Панагюриште қаласында (Болгария) өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады olympic.kz. Жәния 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен жарыста топ жарды. Ол болгариялық Радина Захариеваны, Мартина Николованы, Белослава Балканскаяны, словакиялық Вивьен Мурковты, румыниялық Карисс Сербан мен Бьянка Томуды сенімді түрде жеңіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Read More »