Бүгін Қазақстанның ересектер арасындағы аударыспақтан ХІХ рет өткен чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Өткен жылғымен салыстыра өтер болсақ, былтырғы чемпиондық атақтарын сақтап қалған түркістандық аса ауыр салмақтағы балуан Біржан Қосалиев пен 70 кило салмақтағы балуан ақтөбелік Шыңғысхан Ержанов қана болды. Сонымен, Тараз қаласында өткен биылғы аударыспақ бәсекесінде кімдердің жұлдызы жанды? Суретте: Аса ауыр салмақтағы даңқты балуан Біржан Қосалиев ...
Read More »Tag Archives: Ұлттық спорт қауымдастығы
Жамбы атудан жаңа чемпион шықты
Бүгін Жамбыл өңірінде жамбы атудан өткен V Қазақстан чемпионаты аяқталды. Қызылорданың мергені Ғалымжан Өміртай елішілік жарыстың бас жүлдесін иеленді, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Жамбы атудан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының жүлдесін бас-аяғы 22 спортшы сарапқа салды. «Қалқан ату» және «Жамбы ату» бәсекесі бойынша өткен елішілік жарыста Қызылорда облысы командасының мерейі үстем болды. Бұған дейін жастар арасындағы елішілік чемпионатта екі дүркін ...
Read More »Рахат Қомбаров теңге ілуден Қазақстан чемпионы атанды
Тараз қаласында өтіп жатқан елішілік чемпионаттың думаны қыза түсуде. Бүгін теңге ілуден Рахат Қомбаров Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Биылғы ХІІІ теңге ілу чемпионатында 14 командадан 20 спортшы бақ сынады. Бұл елішілік бәсекеден тек Нұр-Сұлтан қаласының өкілдері ғана тыс қалды. Үш кезеңнен тұратын жарыстың қорытындысы бойынша Түркістан мен Жамбыл облысының жігіттері жүлделі орындарды өзара бөлісті. Бас жүлде ...
Read More »Ертең Қазақстан чемпионаты басталады
19-26 мамыр аралығына белгіленген ұлттық спорттан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты ертең Тараз қаласында ту көтереді. Биылғы елішілік чемпионат өткен жылғыдай тартысты бола ма? Ұлттық спорттың республикалық басты бәсекесін көзбе-көз тамашалау осы жылы Жамбыл облысының жанкүйерлеріне бұйырды. Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің 2019 жылға арналған бұқаралық-спорттық, сауықтыру іс-шаралары мен республикалық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес ұйымдастырылған чемпионатта ...
Read More »Арман балуан — аударыспақтан Азия чемпионы
Биылғы Қазақстан чемпионатының басталуына санаулы күндер ғана қалды. 19 мамырда Тараз қаласында ту көтеретін елішілік чемпионатқа әр өңір өз үздіктерін үкілеп қосуға даяр. Бір қуанарлығы, соңғы жылдары ұлттық спорт үздіктерінің қатары қалыңдай түсуде. Солардың бірі – аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатының абсолютті салмақтағы чемпионы атанған ақтөбелік Арман САҒЫНБАЕВ. Бүгін жанкүйерге осы Арман балуанды жақынырақ таныстыруды жөн көрдік. Аударыспақ спортында Ақтөбе облысының ...
Read More »Ералхан мерген ел намысын қорғайды
Елордада жамбы атудан І әлем чемпионаты өтеді. Елімізде тұңғыш ұйымдастырылған дүниежүзілік бәсекеде ел намысын қорғайтын бас мергеннің бірі – Ералхан Айкөз. Бүгін жанкүйерге 2015 жылдан жамбы ату жарыстарында үздік шыққан жас мергеніміздің жетістіктерін қысқаша таныстырып өтуді жөн көрдік. Жамбы атудан І әлем чемпионаты елорда төріндегі «Хан-Шатыр» кешені маңында 30 мамыр мен 2 маусым аралығында өтеді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Ұлттық ...
Read More »Елдос мерген Еуропаға аттанды
Кеше жамбы атудан Қазақстан құрама командасының белді мүшесі, еліміздегі үздік сұрмергеннің бірі Елдос Бадашев Еуропаға аттанды. Ол ат үстінен садақ атудан Мажарстанның Помаз қаласында өтетін әлем кубогына қатысады, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Бүгін Венгрияның Помаз қаласында ұйымдастырылған әлемдік жарыстың алғашқы бәсекесі басталды. Дүниежүзінің таңдаулы мергендері ғана бақ сынайтын бұл әлем кубогы үш кезеңмен өтетін ірі жарыс. Алғашқы кезеңі Мажарстанның ...
Read More »Астанада ат үстінен садақ атудан әлем чемпионаты өтеді
30 мамыр мен 2 маусым аралығында «Хан-шатыр» кешені маңында өтетін «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесі аясында ат үстінен садақ атудан тұңғыш әлем чемпионаты ту көтереді, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет ұйымдастырылатын «Nur-Sultan Ethno Fest» мерекесінде елордалықтар мен қала қонақтары тамашалайтын қызықтар мол. Аталмыш мерекені тамашалауға қолайлы болу үшін «Хан-шатыр» кешенінің маңында, Тұран даңғылының бойында ауқымды этно-қалашық бой ...
Read More »