Тараз қаласында өтіп жатқан елішілік чемпионаттың думаны қыза түсуде. Бүгін теңге ілуден Рахат Қомбаров Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы.
Биылғы ХІІІ теңге ілу чемпионатында 14 командадан 20 спортшы бақ сынады. Бұл елішілік бәсекеден тек Нұр-Сұлтан қаласының өкілдері ғана тыс қалды. Үш кезеңнен тұратын жарыстың қорытындысы бойынша Түркістан мен Жамбыл облысының жігіттері жүлделі орындарды өзара бөлісті. Бас жүлде Түркістан облысының командасына бұйырды.
Теңге ілуден Қазақстан чемпиондары мен жүлдегерлері:
І орын – Рахат Қомбаров (Түркістан облысы)
ІІ орын – Нұрбағлан Сәдуахас (Түркістан облысы)
ІІІ орын – Айдын Әшімжан (Жамбыл облысы)
ХІІІ Қазақстан чемпионатына қатысқан спортшылар:
Зәуірбек Сұлтан (Алматы қаласы)
Бердібек Татай (Алматы қаласы)
Айнабек Бердіқұлов (Жамбыл облысы)
Айдын Әшімжан (Жамбыл облысы)
Бағдәулет Ғаниұлы (Қызылорда облысы)
Нұрберген Ташмағанбет (Қызылорда облысы)
Нұрбағлан Сәдуахас (Түркістан облысы)
Рахат Қомбаров (Түркістан облысы)
Елдос Асқарұлы (ШҚО)
Мұхамед Қанатбеков (ШҚО)
Тимурхан Иманғалиев (Ақтөбе облысы)
Нұрхан Елжанов (Ақтөбе облысы)
Елдос Жұмағали (Павлодар облысы)
Данияр Серік (СҚО)
Төлеген Серғазиев (Қарағанды облысы)
Асабек Төребаев (Қостанай облысы)
Битөре Ахметәлі (Маңғысау облысы)
Самат Әбиір (Атырау облысы)
Мағжан Жеңісов (БҚО)
Шәкәрім Қабылдин (Ақмола облысы)
Фотода Рахат Қомбаров