• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Түркістанның жастары турнирде топ жарды

    Атақты көкпаршы Әбілхан Дауылбаевтың биылғы турнирінің жастар арасында ұйымдастырылғаны туралы ақпарат бұдан бұрын жарияланған болатын. Бүгін осы турнирдегі үздік көкпар командалары анықталды. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады.

    Жастарды ұлттық спортқа қызықтыру, даңқты көкпаршының мерейін көтеру мақсатында Шымкент қаласында көкпардан төртінші рет өткізілген турнирдің жеңімпазы – Түркістан командасы болды. Жарысқа барлығы 8 команда, атап айтқанда, Алматы облысы, Алматы қаласы, Маңғыстау облысы, Шымкент ат спорты орталығының «Бүркіт» командасы, Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Түркістан облысының Сайрам ауданы мен Түлкібас ауданының командалары қатысты.

    Бүгінгі жартылай финалда Жамбыл облысы мен Алматы облысы командаларының арасындағы ойын 8:3 есебімен аяқталды. Ал, финалға шыққан Түркістан облысы мен Маңғыстау облысы командаларының арасындағы кездесуде есеп 11:1 болып, түркістандық жастар даңқты көкпаршы, командалық көкпардан Кеңес Одағының 9 дүркін чемпионы Әбілхан Дауылбаев атындағы турнирдің жеңімпазы атанды.

    1 орын – Түркістан облысы

    2 орын – Маңғыстау облысы

    3 орын – Жамбыл облысы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *