• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Алматы туры-2017» жарысында бірқатар көшелер жабылады

    Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі кәсіби веложарыс өтеді, оған Қазақстанның, Францияның, Әзірбайжанның, Иранның, Малайзияның Өзбекстанның, Қытай мен Латвияның, Украинаның, Жапонияның, Италияның, АҚШ-тың, Швейцарияның, Германияның, Ұлыбританияның және басқа да елдердің спортшылары қатысады. Барлығы 20-дан астам команда.

    «Тур Алматы» алғаш рет көпкүндік жарыс форматы бойынша екі кезеңде: 30 қыркүйек пен 1 қазанда өтеді.

    1 КЕЗЕҢ ( 2017 жыл 30 қыркүйек)

    • 9:00 – 10:40 – қалалық айналым (Төле би көшесінің бойымен Фурманов көшесіне дейін,Фурманов көшесінен жоғары Сәтпаев көшесіне дейін, Сәтпаев көшесінен Байзақов көшесіне дейін, Байзақов көшесінен Аба көшесіне дейін, Абай көшесінен Желтоқсанға дейін, Желтоқсан көүшесінен Төле би көшесіне дейін)

    • 10:40 – 11:00 — ШАЖ – Индустриалды аймақ (Төле би көшесінен Шығыс Айналма Жолына дейін, ШАЖ бойымен Әл-Фараби даңғылынан Индустриалды аймаққа дейін)

    • 11:00 – 14:30 – Индустриалды аймақ

    • 13:30 – 14:30 – Момышұлы бойымен «Алматы Аренаға дейін» және «Алматы Аренаның» ішкі аумағында мәреге жетеді.

    2 КЕЗЕҢ ( 2017 жыл 1 қазан)

    • 09:45 – 10:05 — Талғар тракты бойымен «Халық аренадан» басталатын жарысқа дейін

    • 10:00 – 14:00 – Шығыс Айналма жолы бойымен – Тұңғыш Президент саябағы

    • 12:40 – 14:40 — Достық даңғылы бойымен «Медеу» мұз айдынындағы мәреге дейін

    «Қаланы, жарыс бағыттарын,логистикканы және жарысқа қатысушылардың қозғалыс сызбасын, алқалы бәйгеге дайындық барысын зерттей келіп Орталық Азияда осындай спорттық жоба бойынша баламаның жоқ екенін толық сеніммен айта аламын», — деп атап өтті «Тур Алматының» техникалық директоры Пьер Хатсебаут.

    Жарыс аясы барысында жанкүйелер және барлық фанаттар үшін Astana Pro Team велоспортшыларымен 28 қыркүйекте спринтерлік жүгіру, конкурстар мен автограф-сессиялар ұйымдастырылады. 29 қыркүйекте командалар ресми таныстырылады және жарысқа қатысушылар ашық жаттығулар өткізеді.

    «Мен бесінші, мерейлі жарыс өз мәртебесіне жетті деп ойлаймын. Велосипед жарысы жөнінде дамыған мәдениеті, қоғамдастығы бар Алматы үшін осынау алқалы жарыс өте маңызды» — деп атап өтті Қазақстанның велоспорт федерациясының вице-президенті Аманбек Кульчиков.

    Айта кетерлігі, веложарыс «Eurosport» телеарнасы арқылы тікелей эфирден берілетін болады.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *