• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Параспортшылар Дүниежүзілік ойындарда 54 медаль жеңіп алды

    Португалияның Вилли-Реал-де-Санто-Антонио қаласында IWAS-2022 Дүниежүзілік ойындар аяқталды. Жарысқа 34 елден 500 спортшы қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығына хабарлады.

    Қазақстан атынан спорттың үш түрінен: паражеңіл атлетика, паражүзу және парапауэрлифтингтен 27 спортшы қатысып, 14 алтын, 20 күміс және 20 қола медаль жеңіп алды.
    IWAS ойындары – бұл мүгедектер арбасына таңылған және ампутация жасалған жандарға арналған халықаралық спорт. Дүниежүзілік ойындар әр екі жыл сайын өтеді. IWAS ұйымына 73 мемлекет кіреді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *