Португалияның Вилли-Реал-де-Санто-Антонио қаласында IWAS-2022 Дүниежүзілік ойындар аяқталды. Жарысқа 34 елден 500 спортшы қатысты. Бұл туралы Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығы хабарлады.
Қазақстан атынан спорттың үш түрінен: паражеңіл атлетика, паражүзу және парапауэрлифтингтен 27 спортшы қатысып, 14 алтын, 20 күміс және 20 қола медаль жеңіп алды.
IWAS ойындары – бұл мүгедектер арбасына таңылған және ампутация жасалған жандарға арналған халықаралық спорт. Дүниежүзілік ойындар әр екі жыл сайын өтеді.
IWAS ұйымына 73 мемлекет кіреді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА