• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жүлде қоры – 75 миллион теңге: Шымкентте республикалық этно фестиваль өтеді (КЕСТЕ)

    20 – 22 наурыз аралығында Шымкент қаласында ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау және жаңа ипподромның ашылуы аясында GREAT QAZAQ GAMES республикалық этнофестивалі өтеді. BIG QAZAQ GAMES – көшпенділердің ұлттық коды негізіндегі олимпиаданың аналогы. Бұл туралы halyq-uni.kz хабарлады.

    Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өскелең ұрпаққа насихаттау, бабалар аманатының ғасырдан ғасырға жетуіне ықпал ету, Әділетті Қазақстанның әрбір азаматының өнерін, қабілетін бағалау, қолдау, құрметтеу, оңтүстік өңірдің сән-салтанатын арттыру, өңірлердің өзара достығын, қарым-қатынасын нығайту.

    Шымкенттегі айтулы іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен басқа, Қырғызстан, Өзбекстан мен Әзербайжан елінің өкілдері қатысады.

    Фестиваль аясында мына категориялар бойынша жарыс өтеді:

    Ұлттық тағамдар: ет асу, сірне, қуырдақ, бауырсақ, жент, қымыз, шұбат;

    Ұлттық ойындар: көкпар, аламан бәйге, топ бәйге, құнан бәйге, теңге ілу, аударыспақ, қазақ күресі, садақ ату, жамбы ату;

    Ұлттық киім: ерлер киімі, шапан, камзол, үйлену киімі, сәукеле, тақия;

    Ұлттық өнер: айтыс, жыр-терме, дәстүрлі ән, күй қобыз, күй домбыра, жетіген, би.

    Сондай-ақ «ЕҢ ЖАҚСЫ КИІЗ ҮЙ» 5 негізгі номинация бойынша жарыстар өтеді, онда ең мықты спортшылар (ұлттық ойындар), халық өнерінің шеберлері (ұлттық тағамдары, ұлттық киімдері, музыканттар, қолөнершілер және т.б.) қатысады. Іс-шараның жүлде қоры – 75 миллион теңге.

    Іс-шара өтетін жерде 153 киіз үйден тұратын этникалық ауыл тігіліп, сауда алаңдары, балалар аймақтары, интерактивті іс-шаралар (тағам, өнер, сән көрсетілімі) сияқты түрлі ойын-сауық шаралары жоспарланған.

    GREAT QAZAQ GAMES республикалық это фестивалінің 20 наурызға арналған бағдарламасы:

    Фестиваль сағат 11:00-де басталып, 18:00-ге дейін жалғасады. Ресми ашылуы жаңа ипподромда өтеді.

    Сағат 12:30-да ойындар басталып, түскі сағат 13:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін 4 номинация бойынша жарыстар өтеді.

    Қаладан арнайы автобустар ұйымдастырылады. Ипподром аумағына кіру тегін.

    21 наурыздағы бағдарлама:

    10:00 — Театрландырылған бәйге: үлкен қазанда «Наурыз көже» бас тағамын дайындау

    11:00-14:00 – Төрт санат бойынша номинация жарыстары

    14:00 – Марапаттау рәсімі

    15:00 – HASSAK мерейтойлық концерті

    15:00-18:00 – Шеберлік сыныптары

    19:00 – Астана алаңында үш сағаттық гала-концерт

    22 наурызға арналған бағдарлама:

    10:00 – Театрландырылған бәйге: үлкен қазанда «Наурыз көже» бас тағамын әзірлеу;

    11:00-14:00 – Төрт санат бойынша жарыстар

    14:00 – Марапаттау рәсімі

    15:00 – HASSAK мерейтойлық концерті

    15:00-18:00 – Шеберлік сыныптары

    19:00 – Астана алаңында үш сағаттық гала-концерт

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *