• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан студенттерінің жазғы Универсиадасы Ақтауда өтеді

    Ақтау қаласында тұңғыш рет Есенов университетінің ұйымдастыруымен 24 мамыр – 24 маусым күндері жоғары оқу орындары студенттерінің жазғы Универсидасы өтеді. Бұл туралы Yessenov University президенті Берік Ахметов айтты.

    Оның айтуынша, бұрынғы Универсиадалар спорт түрлері бойынша үш-төрт қаланы қамтитын болса, бұл жолы 17 спорт түрінен 20 жарыстың барлығы Ақтауда өтеді.

    Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, алдыңғы Универсиада бағдарламасында 30-дан аса спорт түрі болса, қазір олар 17-ге дейін ықшамдалып, ең негізгі спорт түрлері ғана таңдалған. Яғни, университеттердегі спортшылардың көп айналысатын спорт түрлерінің бейініне қарай, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесе отырып, Дүниежүзілік Универсиаданың бағдарламасына басымдық берілген.

    Жоғары оқу орындары студенттері арасында өтетін XIІ жазғы Универсиадасының ашылу салтанаты – 5 маусым, жабылу салтанаты – 24 маусым күндеріне жоспарланған.

     

    Айбек МҰХАНОВ,

    Маңғыстау облысы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *