• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы бір ойынды жеңіп, екі матчта жеңілді (ВИДЕО)

    Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы Канадамен кездеседі.

    Бұл матч Астана уақытымен 23.20-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

    Қазақстан құрамасы В тобында сынға түсіп жатыр. Бұған дейін ұлттық құрама  буллиттен Норвегияны 4:3 есебімен жеңген болатын.  Одан кейін Чехиядан 1:5, Швейцариядан 0:5 есебімен ұтылды.

    Ал Канада әлем чемпионатында Латвияны 6:0, Словенияны 5:2 есебімен ұтса, Словакияны буллиттен 2:1 есебімен жеңді.

    Бұған дейін Қазақстан мен Канада құрамалары төрт рет кездесті. Барлық ойында Канада құрамасының мерейі үстем болды.

    Сондай-ақ, бүгін В тобында Латвия мен Норвегия командалары күш сынасады. Ал А тобында АҚШ — Австрия, Финляндия — Франция ойнайды.

    Әлем чемпионаты 12 мамырда Латвияның Рига және Финляндияның Тампере қалаларында басталды.

    Топтық кезең 12 және 23 мамыр аралығына белгіленген. Финал 28 мамырда болады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *