Еңбек етпей ешнәрсеге қол жеткізу мүмкін емес. Талмай жасаған табанды еңбектің нәтижесінде адам бір жетістікке жете алады.
«Кім көп еңбек етсе, бақыт соған қонады», — деген екен Леонардо Да Винчи. Мысалы, спортта аттары әлемге әйгілі Пеле, Мұхаммед Әли, Майкл Фелппс, Усейн Болт, Тедди Риннер, Александр Медведь секілді аттарын айта берсең, шексіз біртуар тұлғалар сондай ғаламат жетістіктерге жетуінің басты себебі, талмай жалықпай жасаған еңбектің арқасында екіндігін баса айтып өтеді. Сондықтан да толассыз жасалған еңбек қандай да бір тосқауылды бұзып өтері анық.
Еңбекті сөз қылып айтып отырғанымыз қандай спорт түрі болмасын тіпті, ол енді ғана сүйген спортымен айналасы бастаған жас өрен сол спортқа барын салып жасаған еңбегінің өнбегін көреді. Кезінде Олимпиада чемпионы, Баркер кубогының игері Бақтияр Артаевтың үйінде болып, ата-анасынан сұхбат алғанымызда Бақтиярдың жаттығуы аяқталса да жеке қалып өз бетінші сағаттап жаттығуын жасайтынын айтып берген еді. Міне, сол Бақтиярдың табанды еңбегі елеусіз қалмай Олимпиада биігін бағындырды. Сол секілді қазіргі жасөспірімдеріміз осындай аға буынның жеңісті жолын қалай жалғастырып келеді екен, деген сұрақ туындаған еді. Оның жауабын жуырда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Есік елді мекенінде өткен аламан жекпе-жекте тауып қайттық.
Есіктегі №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектібінде дзюдо күресінен жасөпірімдер арасында өткен облыстық жарыста күрескен ұл-қыздардың жекпе-жегін тамашалай отырып, көптеген көкейкесті сұраққа жауаптың шетін шығарғандай болдық. Бұл жарыс ел егемендігінің басты құндылығы Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырлыған екен.
Жарысқа Алматы қаласы, Қонаев қаласы, Іле ауданы, Қарасай ауданы, Талғар ауданы, Ұйғыр ауданы, Райымбек ауданы, Жамбыл ауданы, Кеген аудандарынан жалпы саны 300-ге жуық балуан жеңіс жолында алтын жүлде үшін бар шеберліктерін ортаға салды. Осындай аламан жарысты ұйымдастыру оңай емесі анық.
Турнирге келген бота балуандардың ас-суын дайындап, жағдайын жасап шапқылап жүрген Есік кеңшарындағы №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Абай Қанатұлы Сырғабаевқа балаларын алып келген бапкерлер мен ата-аналар зор алғыстарын білдіріп жатқанын естідік. Иә, расымен де жағдай туғызылған жерде береке болары анық. Ал жарысқа келсек, жоғары да айтып өткеніміздей бұл спорттты жақсы көріп, жан-тәнімен жаттығуын жасап, жеңіс үшін жан аямай күрескен шеберлігі жоғары жасөпірімдер финалға да жолдама ала бастады. Ал бір қайнауы жетпей қалған жасөпірім балуандар жеңілістің ащы дәмін татып, көздеріне жас алып кілемнен шығып жатты.
Дайындығы жоғары, өзіне сенімді балуандар кілемге шыққанда да жаттығуда жасаған әдіс-айласын еш қиындықсыз қолданып салқынқандылық танытып жатқандарына бір жағынан риза болып тамашаладық. Иә, жеңіліп қалып намыстан көздерінен жас сорғалып шығып бара жатқан қыздарды да көзіміз шалды. Дегенмен де сондай намысы зор балуан қыздардан ертең ел білетін танымал балуан шығатынына сенім зор. Өйткені, намыс пен еңбекті алға тартқан алғыр жас ешқашанда туы жығалмаса анық. Оған мысал қазіргі таңда дзюдо күресінен әлемдік додаларда топжарып көптеген жасөпірім қыздарымызға үлгі болып жүрген Әбиба Абужақынованың есімін айта кетсек болатын шығар. Хош, сонымен Тәуелсіздік күніне орай өткен Алматы облысының байрақты жарысында қалың топтан қақ жарып шығып, жеңіс тұғырына көтерілген балуандардың да есімдері белгілі болды.
Сонымен 2010-2011 жылдары туған ұлдар арасында:
42 келі салмақ дәрежесінде I –Илияс Әділхан (Қарасай №1 МБЖСМ),
46 келі I – Алмат Байзақ (ОРМБЖ СМ),
50 келі I –Бекарыс Сұлтанғазы (Еңбекшіқазақ №1 БЖСМ),
60 келі I –Ерасыл Камилхан (Қарасай №1 МБЖСМ),
66 келі I – Әнуар Тұрсынбай (Талғар №1 МБЖСМ),
73 келі I –Аслан Нұрдәулет (Тәуекел СМ),
+ 81 келі I – Әсет Айдынұлы (Қарасай №1 МБЖСМ),
2011-2013 жылдары туған қыздар арасында:
36 келі салмақ дәрежесінде I –Адия Зарипбай (Еңбекшіқазақ №1 БЖСМ),
40 келі I – Данеля Серік (Жанашар),
44 келі I –Камила Асимова (ЛАЧИН ОЛИМПИК),
48 келі I –Кәусар Мұхтар (Іле ауд),
52 келі I – Айша Баянгелді (Талғар №1 МБЖСМ),
57 келі I — Лаура (– Воропаева ОРМБЖ СМ),
+ 57 келі I –Хадиша Аманкелді (Қарасай №2 МБЖСМ),
2012-2013 жылы туған кіші жасөспірім ұлдар арасында:
32 келі салмақ дәрежесінде I –Абылай Абдрахман (Еңбекшіқазақ №2 БЖСМ),
I –Диас Жолдыбай (Қарасай №1 МБЖСМ),
38 келі I –Әли Жанабай (Жігер СМ),
42 келі I –Азамат Бағдат (ОРМБЖ СМ),
46 келі I –Нұрасыл Махаматов (Талғар №1 МБЖСМ),
50 келі I –Мұхаммедғалым Тұрсынбай (Еңбекшіқазақ №2 БЖСМ),
55 келі I – Дарын Мұрат (Іле ауд),
60 келі I –Аттила Тохтиев (Ұйғыр ауд),
66 келі I – Шыңғыс Досымхан (ОРМБЖ СМ),
+ 66 келі I –Жамбыл Аман (Еңбекшіқазақ №2 БЖСМ) талантты балуандары жеңістің бас тұғырына көтеріліп жарыс жеңімпаздары атанды.
Осылайша дзюдо күресінен жасөспірімдер және кіші жасөспірімдер арасында «Тәуелсіздік күніне» арналған ашық облыстық турнир аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер құрметпен марапатталды.
Жарыстың басты мақсаты жасөспірімдерді достыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Бір ынталы жас балуанға бұл жарыс алғашқы сын болса, жарыс дүбіріне ертерек түскен жалынды жастарға бұл бәсеке алға қарай қамшылай түсетін сын болды. «Еңбектегі әр минут-бір несібе», демекші жеңіс жолында табанды еткен еңбек таланттарды әлі талай асуларға шығарар деген үміттеміз.
Даңққа бастайтын даңғыл жол еңбек болса, еңбекпен арманды ардақтап еңбекпен өмірді өрректеудің жасұрпақ үшін маңызы зор деп білеміз. Жасөпірімдеріміздің жеңіс үшін жалықпай жасаған жаттығулары өз нәтижесін берері сөзсіз. Ал Тәуелсздік күніне орай Есікте өткен аламан жекеп-жекке қатысқан жасубынның бойынан ұлттық намыс пен үздіксіз жаттығулары бекер кетпегенін байқадық. Осы алтын буын жасөспірмдердің арасынан ертең Елдос Сметов, Әбиба Абужақынова секілді әлем танып, ел құрметтеген балуандардың есімдері шығып жатса, төгілген тер, табанды еңбек бос кетпеген деп есептейміз.
Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,
АЛМАТЫ





SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары