• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Yearly Archives: 2020

    Онлайн турнирдің жеңімпаздары анықталды

    Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» мен Президенттік сынақ және Президенттік көпсайыс федерациясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы тестілерінен мектеп оқушылары арасында онлайн турнир өтті. Бұл туралы аталған министрліктің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының баспасөз қызметі хабарлады. Оған 11-13, 14-15, 16-17 жастағы 335 оқушы (ұлдар -189, қыздар -146), 13 команда қатысуға өтінім берді. Турнирде мына ...

    Read More »

    Бокс кешін көптен бері күтіп келеміз

    Жақында әлемге әйгілі боксшы Майк Тайсон бейнежазба арқылы жаттығу алаңында өзінің жаңа эпикалық бейнесін көрсетті. Аты аңызға айналған американдық бокс ардагерлері Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс 28 қараша күні Карсон қаласында (АҚШ, Калифорния штаты) рингте кездесіп, шоу жекпе-жек өткізеді. Калифорнияның Атлетикалық комиссиясы танымал боксшылардың мүмкіндігінше мол ақша жинауы үшін боксшыларға бас киімсіз жұдырықтасуға және жекпе-жекте жеңімпазды анықтауға мүмкіндік берді. ...

    Read More »

    Спортшылар оқу-жаттығу жиындарын қайта бастады

    Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) карантин кезінде оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және бақылау үшін құрылған жедел штабы ұлттық командалардың оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру мен өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті. Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыз күнгі № 47 Қаулысына сәйкес санитарлық-дезинфекциялық режимді толық сақтаған жағдайда ғана мамандандырылған спорттық базалар, аккредиттелген ҰОК жаттығу жиындарына жіберіледі. «Басымдықтар бұрынғыша ...

    Read More »

    Білім мен спорт – ұлы ұғым

    Бүгінгі білім күніне орай, еліміздің барлық аймағында онлайн оқу жүйесі басталды. Иә, ел тарихында тұңғыш рет оқу жылы қазіргі кездегі жағдайға қатысты осындай қашықтықтан оқыту жүйесімен оқылатын болып отыр. Тағдырдың салғанына көнбестен артық шара жоқ. Дегенмен де «басқа түссе баспақшыл», демекші, оқушылар мен студенттер де бұл жүйеге үйреніп алып кетеді деген үміттеміз. Бүгінгі Білім күніне орай, оқушылар мен студенттерге қашықтықтан ...

    Read More »

    Қолдобына қолдау керек

    Кеше Алматы облысы Денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев іссапармен Іле ауданына қарасты Алматы маңындағы Өтеген кентінде орналасқан гандболдан Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне келіп, білім ордасының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында қолдобы спортының аймақтарда дамуына қатысты өзекті мәселелерді тілге тиек етіп, мамандардың пікірін тыңдады. Сонымен қатар, облыс спортының басшысы алдағы уақытта қолдобы спортының ауыл-аймақтарда ...

    Read More »

    Тамыз кеңесі: жаңа оқу жылына дайындық қаралды

    Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдаструымен педагог қызметкерлердің республикалық «Тамыз кеңесі» аясында  «Білім және денсаулық: дене шынықтыру және спорт әлеуеті» тақырыбындағы екі күнге созылған секциясының онлайн отырысы мәресіне жетті. Бұл туралы аталған орталықтың баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов тамыз кеңесінің секциялық отырысына арнайы қатысып, ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады және алдағы маңызды ...

    Read More »

    Өнердегі өшпес із

     Көпшілікке мәлім, Қостанай ежелден өнер және мәдениет қай­раткерлері, ақын-жазушыла­рымен аты шыққан. Қазір де олардың дара жолын жалғастырып жатқан азаматтар жеткілікті. Солардың қатарында күйшілік ерекше қабілетімен барша қазақтың мақтанышына айналған Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай об­лыс­тық филармонияның бұрынғы басшысы, талантты бауырымыз ­Назымбек Молдахметов те бар еді. Бәріміз де мына өмірге қонақпыз. Кеше ғана арамызда күндей жарқырап жүретін жайсаң мінезді, жаны – жаз, ...

    Read More »

    Испания Гран-Приіне шолу

    Формула-1 қауымдастығы ішінде жиі айтылып жүргендей, Каталунья жолында қарсыластарыңнан басып озу аса қиын. Жексенбілік жарыс та соның бір дәлеліне айналды. Жарысты бірінші болып бастаған Mercedes-тің пилоты Льюис Хэмильтон мәреге дейін алдына жан салмай, Испания Гран-Приінің жеңімпазы атағына төртінші мәре ие болды. Бұл жеңіс – Формула-1 қауымдастығы үшін тарихи маңызы бар оқиға. Себебі, Л.Хэмильтон осы жеңісі арқылы подиумға 156-рет көтерілді. Осылайша, ...

    Read More »

    Формула-1 тарихындағы үздік пилот кім?

    Формулаға қызығушылық танытқан кез-келген адамның ойына кем дегенде бір рет келетін сұрақ осы. Алайда, бұл сұраққа анық жауап беру мүмкін емес. Себебі, Формула-1 – технологиялар жарысы. Бұл жарыстағы жағдай жыл санап емес, апта санап өзгеріп жатады. Жыл өткен сайын болидтер де, технологиялар да қарыштап дамуда. Сол себепті де, өткен ғасырдың жұлдыздарын қазіргі пилоттармен салыстыру дұрыс емес. Заман басқа, заң басқа. ...

    Read More »

    Сағынып еске аламыз

    Осынау бір сәттік өмірден жалт етіп өткен жандар аз ба?!  Адамның уақыты келгенде бәріміз де дәрменсізбіз. Биылғы 29 тамыз күні қасиетті Торғай даласының топырағынан шыққан бауырымыз, отбасының ардақты әкесі Жаңбыршы Шалабайұлы Қалиевтің «Өмір – өткінші», «Дүние – жалған» деген сөздерді тағы бір дәлелдеп,  арамыздан кеткеніне қырық күн болады. Ақжарқын, ақ пейілімен, ақ көңілдігімен барша ағайынды, барша ел-жұртты баураған бауырымыздың мәңгілікке ...

    Read More »