• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Спортшылар оқу-жаттығу жиындарын қайта бастады

    Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) карантин кезінде оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және бақылау үшін құрылған жедел штабы ұлттық командалардың оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру мен өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті.

    Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыз күнгі № 47 Қаулысына сәйкес санитарлық-дезинфекциялық режимді толық сақтаған жағдайда ғана мамандандырылған спорттық базалар, аккредиттелген ҰОК жаттығу жиындарына жіберіледі.

    «Басымдықтар бұрынғыша қалады, яғни, жаттығу процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мақсат. ҰОК-ның барлық қызметтерінде, спорттық базалардың әкімшіліктері мен федерацияларында тәуекелдерді азайту және ұлттық құрамаларға толыққанды дайындықты ұйымдастыру үшін жаңарту процестері  пысықталды. Мәжбүрлі түрде ұзаққа созылған үй карантині спортшылардың дене дайындығына әсер еткен соң, бапкерлер мен атлеттер жиындардың жаңаруын  күтті. Осыған орай,  жедел штаб спорттық базаларда санитарлық нормалардың сақталуын бақылауды күшейтті, сонымен бірге, біз түсіністік пен жақсы үйлестірілген жұмыс үшін бәріне алғыс айтамыз. Әрине,  бәріміз спортқа оралғымыз келеді, десек те, спортшылар мен бапкерлердің денсаулығын  сақтауда тиісті шараларды сақтайтын боламыз», дейді Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков.

    Айту керек, тамыздың үшінші онкүндігінен жаттығу жиындарын бастаған командаларға бүгінде  ауыр атлетика, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, керлинг, садақтан ату, шорт-трек, гандбол және спорттық гимнастика командалары қосылды. Оқу-жаттығу процесі кезіндегі дайындық, нысандардың сәйкестігі және оларда белгіленген нормалардың сақталуын Жедел штаб бақылайды. Нысандарда барлық санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін үнемі тиісті тексерулер жүргізіледі. Айта кетейік,  оқу-жаттығу жиындарына рұқсат алу үшін барлық спортшылар мен жаттықтырушылар бірнеше мәрте ПТР тестілеуден өтеді: базаға келгенге дейін және карантиндік режим өткеннен кейін ТКБ кезінде. Тек осы процедурадан өткен адамдар ғана жиындарға жіберіледі. Жұмысқа қатысатын барлық адамдар (спортшылар, жаттықтырушылар, қызметкерлер) қажетті жеке қорғаныс құралдарымен жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген. Тәуекелдерді жою және оқу-жаттығу жиындарындағы байланыстарды азайту үшін ҰОК спорт базалары үшін де, жұмысқа тартылған адамдар үшін де арнайы ережелер әзірледі. Базаға кіру Ұлттық құрама команда мүшелерінен басқа барлық санаттағы азаматтар үшін жабық, ал қызметкерлердің саны мүмкіндігінше қысқартылған.

    Спортшылармен байланысқа түсетін қызметкерлердің персоналы құрама команда мүшелері секілді қабылдау процедурасын орындайды. Сырт жақтағы базалық қызметті қамтамасыз ететін қызметкерлерге спортшылармен байланысу мүмкіндігі жоқ. Спортшылар мен қызметкерлер персоналы күніне бірнеше мәрте тексеруден өтеді. Белгіленген кестеге сәйкес, спортшылар болмаған кезде барлық жалпы үй-жайлар дезинфекцияланады.

    Барлық ұлттық құрамалар Токиода өтетін Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алу және Олимпиада алдындағы маусымға дайындық секілді өршіл мақсаттарды алға қоя беретін болады. Ендеше «Алға қазақ спортшылары» деген біздің де тілегіміз бар.

     

    Думан  АРҒЫНГЕЛДІ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *