23 маусымда, Халықаралық Олимпиада күнінде, Лозанна қаласындағы Олимпиада үйінде Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) президентінің өкілеттігін табыс ету рәсімі өтті, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет. ҰОК-тің хабарлауынша, 2013 жылдан бері ХОК-ты басқарған Томас Бах өз өкілеттігін ресми түрде Зимбабведен шыққан жүзуден екі дүркін Олимпиада чемпионы Кирсти Ковентриге тапсырды. Жаңа президент түн ортасында өз қызметіне ресми кіріседі. Ковентри ХОК-тың тарихындағы оныншы президент. ...
Read More »Кездесу
Түркістан облысының әкімі Азия чемпиондарына құрмет көрсетті
Түркістан облысының спортшылары өткен айда өте жақсы өнер көрсетті. Атап айтсақ, Шри-Ланканың Коломбо қаласында жастар арасында өткен Азия чемпионатында 8 алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мысалы, ескек есуден Қытайда өткен Азия чемпионатында үш алтын жүлдені иеленді. Сонымен қатар Астана қаласында пара дзюдодан ұйымдастырылған әлем чемпионатында екі спортшы алтыннан алқа тағынды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров ...
Read More »Қазақстан футбол федерациясының жаңа Атқарушы комитеті сайланды
Астанада Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың төрағалығымен ҚФФ-ның кезектен тыс XXVIII конференциясы өтті, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Конференция жұмысына өңірлік федерация делегаттары, УЕФА президентінің ұлттық қауымдастықтар жөніндегі кеңесшісі Йозеф Климент және ФИФА аймақтық үйлестірушісі Марко Ферри, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев, Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин ...
Read More »Чемпиондар ұстаханасы әз Наурызды қарсы алды
Елімізде Наурыз мейрамы әлі жалғасын тауып, жер-жерде сән-салтанатымен өткізіліп келеді. Алматы қаласындағы Қаркен Ахметов атындағы Олипиадалық резервінің арнайы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі шаңырағы керемет Ұлыстың ұлы күнін көктемгі көңіл-күймен қарсы алды. Мерекелік наурызда сахна төрінде ұлттық салт-дәстүріміз, әдет-ғұрыптарымызды мектеп-интернат ұжымының ұстаздары тамаша сахналық көріністер арқылы көрсете білді. Ата-бабымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, үзбей келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды сахналаған кезде кеудемізде ерекше мақтаныш ...
Read More »Марат Омаров: «Біздің мақсатымыз – нәтиже беретін футбол экожүйесін құру»
Астанада Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Марат Талғатұлы қазақ футболының алдағы төрт жылдағы дамуы туралы баяндамасында негізгі стратегиялық бағыттарға тоқталып, еліміздегі футбол инфрақұрылымы мен жүйесін дамытудың бірнеше маңызды мәселелерін көтерді. Өткен аптада УЕФА штаб-пәтеріне барып, ұйым басшысы Александер Чеферинмен кездестім. Оның қорытындысы бойынша Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының басшысымен келісімге келдік. ...
Read More »Ел үшін еткен еңбектің қайыры болды
Әрбір аянбай еткен еңбектің бір қайтарымы болады. Әсіресе, ел үшін туған жер үшін жасаған еңбек ешқашан елеусіз қалмайтыны белгілі. Ол қай салада болса да ескіріледі. Сондай-ақ, төккен тер, табанды еңбек спорт саласында да жемісін беретіні хақ. Іле ауданы қарасты Өтеген кентіндегі Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы жыл қортындысын жасау іс-шарасын ұйымдастырды. Мерекелік күйде өткен бұл іс-шара аудандығы ұлтжанды қазақтың ...
Read More »Жылдың үздіктері төрден көрінді
Астанада Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жыл сайынғы «Үздік-2024» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы болды, деп хабарлады ТСМ. Салтанатты жиынға Парламенттің депутаттары, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары мен медалистері, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт журналистері қатысты. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2024 жыл отандық спорт үшін ерекше жыл болғанын атап өтті. Қазақстан спортшылары биыл халықаралық ірі жарыстарда табысты ...
Read More »Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының президенті болып қайта сайланды
Алматыда Қазақстан гимнастика федерациясының есептік-сайлау конференциясы болды. Оған Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысты, деп хабарлады olympic.kz. Конференцияда федерацияның есепті кезеңдегі жұмысының қорытындылары шығарылып, алдағы уақытқа арналған даму жоспарлары мен стратегиялары талқыланды. Күн тәртібіндегі басты мәселе спорт ұйымының президентін сайлау болды. Конференцияға қатысушылардның бірауыздан қабылдаған шешімімен Әлия Юсупова федерация басшысы қызметіне төрт жылдық мерзімге қайта сайланды. Өткен маусым ...
Read More »ХОК қазақ спортына баға берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит МакКоннеллмен кездесті, деп хабарлады Ақорда. Кездесуде Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті мен ХОК арасындағы өзара ықпалдастық перспективасы талқыланды, Президент Олимпиада ойындарының құндылықтарын дәріптеуде және атлеттерді қолдауда Халықаралық олимпиада комитетінің маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мемлекет басшысы отандық спортты және халықаралық серіктестікті дамыту мақсатында еліміздің ұйыммен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін ...
Read More »Еліміздің UIMLA ұйымында мәртебесі артты
Солтүстік Македонияның астанасы Скопье қаласында тау туризмі саласындағы мамандар мен сарапшыларды біріктіретін Халықаралық тау көшбасшылары қауымдастығы одағының (UIMLA) жыл сайынғы Ассамблеясы өтті. Оған Таулы қалалардың ұлттық қауымдастығының отандық делегациясы қатысты. Қазақстаннан Алматы туризм басқармасының өкілдері болды. UIMLA Ассамблеясында Қазақстан бірегей табиғи инфрақұрылымы бар, тау туризмін дамытуға өте қолайлы ел ретінде ұсынылды. Алматы тау кластеріне, оның қауіпсіздігіне және туризмнің жоғары сапа ...
Read More »