Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан Cairns Cup 2026 турнирінде алғашқы жеңісіне жетіп, көшбасшылар қатарына қосылды. 4-турда шахматшы ақ фигуралармен ойнап, Швейцария атынан өнер көрсететін экс-әлем чемпионы Александра Костенюкті 23 жүрісте жеңді. Бұл — Асаубаеваның турнирдегі алғашқы жеңісі. Алғашқы үш турда отандасымыз Украинаның өкілі Анна Музычукпен, үнді Рамешбабу Вайшалимен және америкалық Элис Лимен тең түскен. Төрт турдан кейін Асаубаева ...
Read More »Басты тақырып
«8 млрд теңге»: Министрлік мәлімдеме жасады
Астанада Спорт күні қарсаңында өтіп жатқан «Қазақстандағы спорт – реформалардан нәтижеге дейін. Дене шынықтыру және спорт туралы жаңа заңды іске асыру қорытындылары» атты спорт конференциясындағы пленарлық сессияларда саладағы ауқымды реформалардың алғашқы нәтижелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында ведомство әзірлеген жаңа заң саланы жүйелі жаңғыртудың негізгі тетігіне айналды. Реформа аясында мемлекет қаржыландырудың ...
Read More »Серік Жарасбаев: «Шетел спортшыларына жыл сайын жұмсалған 3,5 млрд теңге қысқартылды»
Астанада Спорт күніне орай «Спортшылар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы спорт: реформалардан нәтижелерге дейін» атты конференция басталды, деп хабарлайды Egemen.kz. Осы жиында қаржыны оңтайландыру мәселесі туралы сөз болғанда туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Қазақстан клубтарында ойнайтын шетелдік спортшыларға жыл сайын жұмсалған 3,5 млрд теңге мүлдем қысқартылғанын айтты. Басқосуда ол мемлекеттік ақшасы легионерлерге емес, балалар спортына жұмсалатынын атап өтті. «Биылдан ...
Read More »Елімізде Спорт күніне орай 250-ден астам спорттық іс-шара өтеді
Тамыз айының әр үшінші жексенбісінде елімізде Спорт күні аталып өтіледі. Биыл да кәсіби мерекеге орай еліміздің барлық өңірінде бір апта бойы түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлады SportPress.kz. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, мерекелік апта аясында еліміз бойынша 250-ден астам спорттық іс-шара өткізу жоспарланған. Олардың қатарында бұқаралық спорттық жарыстар, спартакиадалар, турнирлер, чемпионаттар, жүгіру марафондары, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар, спорт ардагерлерімен ...
Read More »Мұрат Нұрғазиннің рекорд тасы «Қазақ күшінің картасына» тіркелді
Астаналық палуан Мұрат Нұрғазиннің әлемдік рекордтық тасы «Қазақ күшінің картасына» Ақмоланың «Ойын Балуан тасы» ретінде тіркелді. Бұл туралы «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының президенті Абылайхан Қалназаров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан ауылында өткен Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында қазақтың күш өнеріне қатысты маңызды тарихи оқиға болды. «Атақты балуантасшы, күш өнерін дәріптеуші Мұрат ...
Read More »«Өз арамызда өтірік айтатын адам бар» – Фабио Каннаваро
Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Фабио Каннаваро алғаш рет команданың әлем чемпионатындағы ойындарына қорытынды жасап, құраманың сәтсіздігін түсіндірді. Instagram-дағы эфирден белгілі болғандай, баспасөз мәслихатында бас жаттықтырушыға әлемдік додадан кейін неліктен бірден командамен бірге Өзбекстанға бармай, Италияға демалуға кетіп қалғаны, бас жаттықтырушы ретінде қанша айлық алатыны, құраманың алдағы Азия кубогына дайындығы туралы сұрақтар қойылды. Каннаваро сын-пікірлер мен әлем чемпионатынан кейін ...
Read More »Бибісара Асаубаева Олимпиадаға қатысады
Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) 15–27 қыркүйек аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтетін 46-Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының тізімін жариялады. Қазақстан құрамасының сапында Бибісара Асаубаева (ересектер арасындағы әйелдер рейтингінде 5-орын), Алуа Нұрман (жасөспірім қыздар арасындағы әлемдік рейтингте 2-орын), Меруерт Камалиденова (жасөспірім қыздар арасындағы әлемдік рейтингте 4-орын), Елназ Қалиахмет (жасөспірім қыздар арасындағы әлемдік рейтингте 22-орын) пен Зарина Нұрғалиева (жасөспірім қыздар арасындағы әлемдік ...
Read More »Су добынан ӘЧ: Қазақстан екінші жеңісіне жетті
Су добынан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы екінші матчын Сингапур командасымен ойнап, қарсыласын 16:15 есебімен жеңді. Ойынның негізгі уақыы тең аяқталды. Содан кейін отандастарымыз пенальти сериясында сингапурлықтардан басым түсті. Қорытынды есеп — 16:15. Ернар Тілекқабыл үздік ойыншы атанды. Ұлттық құрама әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Мысырдан 9:14 есебімен жеңілген болатын. Бүгін, 5 тамызда, ұлттық құрама Уругвай ватерполистерімен ойнайды. Дастан КЕНЖАЛИН ...
Read More »«Болашақ ойындары – 2026»: Көрермен саны 500 млн адамға жетуі мүмкін
Астанада өтіп жатқан халықаралық мультиспорттық «Болашақ ойындары – 2026» турнирі көрермен қызығушылығы бойынша жоба тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жақындап келеді. «Жарыстың алғашқы төрт күнінің өзінде трансляциялар 85 миллионнан астам қаралымға жетті. Қазіргі қарқын сақталса, турнир аяқталғанға дейінгі жалпы аудитория көлемі 430-490 миллион қаралымға жетуі мүмкін. Мұндай нәтиже халықалалық медиасеріктестер желісінің айтарлықтай кеңеюі ықпал етіп отыр. Турнир Қытай, ТМД, Оңтүстік Америка, ...
Read More »Жәнібек Әлімханұлы «Канелоны» жекпе-жекке шақырды
Боксшы Жәнібек Әлімханұлы суперорта салмаққа ауысқаннан кейін осы салмақтағы әлем чемпионы (2021—2024, 2024—2025) мексикалық былғары қолғап шебері Сауль«Канело» Альваресті жекпе-жекке шақырды. Қазақ боксшысы суперорта салмаққа (76,2 келі) ауысқан соң бірден дәрежесі де өсіп, Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингінде (17-0, 12 КО) екінші орынға шықты. Бұл салмақта оның алдында тек аңызға айналған мексикалық Сауль «Канело» Альварес тұр. Бұған дейін кәсіпқой бокстың маңайында жүрген тіс ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары