• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Күрес

    Қазақ күресінен ӘЧ: Қазақстан қоржынында – 8 алтын, 6 күміс, 2 қола жүлде!

    Астана төрінде тұңғыш рет өткен әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен CISM әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлады Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі. Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде өткен бұл дүбірлі дода – тек спорттық бәсеке ғана емес, ұлттық рух пен жауынгерлік жігердің тоғысқан шынайы мерекесі болды. Бұл чемпионат — ұлттық спортымыздың әлемдік деңгейдегі беделін айқындаған тарихи белес. Бозкілемдегі әр белдесу ...

    Read More »

    Демеу Жадыраев Гран-при турнирін жеңіп алды

    Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен өткен Гран-при турнирінде Демеу Жадыраев Олимпиададан кейін алғаш рет кілемге шыға салысымен жеңімпаз атанды. Бұл турнирде Қазақстан балуандары 7 медальға алды. Оның екеуі – алтын жүлде. Атап айтқанда, 77 келіге дейінгі салмақта Демеу Жадыраев жеңімпаз болса, 67 келіге дейінгі салмақта Бағдат Сабаз да үздік атанды. Ербол Камалиев (60 келіге дейін) пен Омар Сатаев (82 келіге ...

    Read More »

    Қазақ күресі ұлттық идеологияның алаңына айналды

    Семей қаласындағы «Абай Арена» спорт кешені төрт күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен келген апайтөс балуандардың айқасына куә болды, деп хабарлады Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі. Қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан кубогы – биылғы ұлттық спорт күнтізбесіндегі ең тартысты жарыстардың бірі болды. Алаш арыстарының ізі қалған, хакім Абайдың қаны тамған қасиетті топырақта ұлттық күресіміздің туы қайта желбіреді. Бұл додаға еліміздің барлық өңірінен ...

    Read More »

    Қазақ күресінен Қазақстан кубогы: Мықтылардың алды анықталды

    Бүгін қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан кубогының үшінші жарыс күні өз мәресіне жетті, деп хабарлады Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі. Белдесулердің нәтижесі төмендегідей: Ерлер 55 кг І орын – Қуаныш Мақсұтов (Абай обл.) ІІ орын – Архат Баймурзин (Қостанай обл.) ІІІ орын – Рузимон Тугушев (Түркістан обл.) ІІІ орын – Мақсат Төлеу (Қостанай обл.)   60 кг І орын – ...

    Read More »

    Балуандар Афинадан 11 жүлдемен келе жатыр

    Грекияның Афина қаласында күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды. Грек-рим күресінде Жаңажол Қуанышбек 45 кеилоға дейінгі салмақта чемпион атанса, күміс жүлдені Нұрдәулет Құмарұлы (48 килоға дейін) мен Нұралы Асқар (55 килоға дейін) иеленді. Шамиль Досбол (65 килоға дейін) мен Марлен Мейірбекұлы (71 килоға дейін) қола жүлдені қанағат тұтты. Қыздар арасында Мадхия ...

    Read More »

    Еркін күрестен ӘЧ: Жасөспірімдер үшінші орыннан көрінді

    Грекияның астанасы – Афина қаласында еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Бұл сында еркін күрестен Қазақстан құрамасы үш қола медальді иеленді. Үшінші орыннан балуандар Данаэль Әбдіқасым (51 килоға дейін), Бекасыл Асамбек (60 килоға дейін) пен Дінмұхамед Қасымбек (80 килоға дейін) көрінді. Командалық есепте Қазақстан үшінші орынға ие болды. Бірінші орынды АҚШ құрамасы жеңіп алса, Иран спортшылары екінші орынға шықты. ...

    Read More »

    Ақтөбеде ел ағалары жас талантқа бір үйір жылқы сыйлады

    Ақтөбеде ел ағалары жастар арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған жас балуан Жаңажол Қуанышбекке бір үйір жылқы сыйлады. Грек-рим күресінен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Жаңажол Қуанышбек Грекияның Афина қаласында әлем чемпионы атанған еді. Ол 45 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды. Соның құрметіне Ақтөбе облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы жас балуанға бір үйір жылқы тарту етті. ...

    Read More »

    Poland Open-2025: Эльмира Сыздықова жарақаттың кесірінен күміс жүлде алып қалды

    Күрес түрлерінен Польшаның Варшава қаласында өтіп жатқан Poland Open турнирінде Эльмира Сыздықова ойда жоқта финалға шыға алмады. Ол 2 тамызда 76 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін таласта бозкілемге шықпай қалды. Кейін оның жарақат алғаны белгілі болды. Бұған дейін спортшы қатарынан үш рет күресіп, үшеуінде де қарсыластарын жеңген еді. Осылайша турнирдің жеңімпаз атағы бразилиялық Тамирес Мартинс Машадоға бұйырды. Ол еш ...

    Read More »

    Мадхия Усманова — әйелдер күресінен әлем чемпионы!

    Мадхия Усманова әйелдер күресінен Грекияның Афина қаласында жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Ол 57 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Үндістан өкілі Мониді 6:5 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды. 43 килоға дейінгі салмақта Інжу Баққожа қола медаль алды. Бұған дейін грек-рим күресінен Жаңажол Қуанышбек әлем чемпионы атағын алған болатын.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Жаңажол Қуанышбек — грек-рим күресінен әлем чемпионы!

    Грекияның астанасы — Афина қаласында жасөспірімдерарасында грек-рим күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатынан қуанышты хабар келіп жетті. U17 әлемдік додасының үшінші күнінде «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы Жаңажол Қуанышбек 45 кг салмақ дәрежесінде күресіп, алтын медаль иегері атанды. Жаңажол Қуанышбектің әлем чемпионы атағын жеңіп алғанына «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық ...

    Read More »