• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Алматы қаласы

    Елімізде алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогы өтеді

    5-6 қарашада Алматы қаласында Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық семсерлесу федерациясының ұйымдастыруымен елімізде алғаш рет жасөспірімдер арасында семсерлесуден Әлем кубогы үшін турнир өтеді. Almaty Jastar Saber Cup турнирінің бірінші күні жекелей, келесі күні командалық сайыстың жеңімпаздары анықталады. Оған 10 елдің 50-ден астам спортшысы қатысады. Олардың 22-сі Қазақстан құрамасының спортшылары.Турнирдің қорытындысы бойынша келесі жылы өтетін әлем және Азия чемпионатына қатысатын ...

    Read More »

    Чемпиондар ұстаханасы

    «Болар бала бесігінде бұлқынар», демекші, дарынды баланың қатарлас құрбы-құрдастарынан өзгешілігі әркезде бір қадам алда жүріп, озық ойлауында болады –дейді ғалымдар. Иә, бұған қосылмасқа дауа жоқ. Баланың жастайынан әр салаға қабілеттілігі байқала бастағаннан бастап, оны дұрыс арнаға бағыттай білу ата-ананың міндеті. Баланың жүрек қалауы не қаласа соған бейімдеудің орнына көптеген ата-аналар өздерінің қалауы бойынша оқуға немесе спортқа беріп жатады. Әрине, ол ...

    Read More »

    Жастарды жеңіске жетелеген Жәмила

    Бүгін Алматы қаласындағы №8 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебініне жол түсіп бас сұққан едім. Бұл спорт мектебінде жаттығып жатқан жасұландар еліміздің абыройын әлемдік жарыстарда табысты қорғап жүрген дарынды жастар. Негізі «Ел іші — кен іші», демекші қазақ даласы таланттарға тұнып тұр. Тек оларды тани білетін, жігерін қайрап жани білетін мамандар болса болғаны. «Бұлақ көрсең көзін аш», деген ...

    Read More »