• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Торғай

    БАЛУАНТАС

    Торғай аймағындағы жаратылысы көркем жерлердің бірі – Маятас өңірі. Бұрын Сарыторғай кеңшарының бір бөлімшесінің орталығы еді. Қазір елсіз, айтақырға айналған. Маятастың бауырынан Қараторғай өзені ағады. Оның арғы бетінде, өткелдің ауызында жападан-жалғыз бір алып тас жатыр. Бұрын талай көрсек те, мән берген емес едік. Сөйтсек оның өз бойына бүккен сыры бар екен. Біз қайдан білейік, таулы жердің өзенінің жағасынан кездесіп қалып ...

    Read More »

    Торғай тарландары төс түйістіреді

    Қасиетті Торғай топырағы ешқашан талантты жастарға кенде болған емес.  Торғай сияқты қазақтың киелі жерінен халқымыздың көптеген беткеұстар ардақтылары шыққан. Олардың аттары қарт тарихтың қатпар-қатпар беттерінде алтын әріппен жазылған. Міне, осындай тектілер туған топырақтан спортта да талантты жастардың шығуы тегін емес деп ойлаймыз. Қазір олардың бәрі еліміздің намысы үшін спорттың барлық түрінен күш сынасып, көк байрағымызды желбіретіп келеді. Солардың бірі – ...

    Read More »

    Біздің Гайдар

    Сайтымыз бүгіннен бастап «Сайыпқыран» деген айдар ашып отыр. Ондағы мақсатымыз оқырманды ең атақты, таңдаулы спортшылармен таныстыру. Бүгінгі мақала Қазақстанның зіл көтеруден алты дүркін чемпионы, КСРО спорт шебері, Торғайдың төл перзенті Гайдар Саржановқа арналады. Бұл материалды белгілі ақын, журналист Әбжан Әбілтай жазып отыр. Ол тау-тасты бір деммен қопарып, ерекше талантымен дараланған жерлесі туралы дүниесін осыдан біраз жыл бұрын облыстық «Торғай таңы» ...

    Read More »