• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Біз туралы

    Сайт 2017 жылғы 26 маусым күні Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінде №16588 есепке алынып, желілік басылым ретінде тіркеуден өтті.

    Сайттың негізгі тақырыптық бағыты – ақпараттық материалдар жариялау.

    Мемлекеттік тілде және орыс тілінде жарияланатын ақылы материалдың бағасы – 50 000 теңге.

    Желілік басылымның меншік иесі: ЖК «Sportpress.kz».

    Алғы сөз

    Міне, құрметті оқырман қауым еліміздің ақпарат кеңістігі тағы бір спорт сайтымен толықты. Ол назарларыңызға ұсынылып отырған www.sportpress.kz сайты.

    Бұл сайт мемлекеттік және орыс тілдерінде тәулік бойы шығып,  күн сайын қызықты дүниелермен толығып отыратын болады.

    Қазір жер-жүзінде халықты көп қызықтыратын нәрсенің бірі спорттық жарыстар мен оның айналасында болып жатқан оқиғалар. Өйткені, спорт кім-кімге болсын қызық. Онда бүкіл елдің намысы сынға түсіп жатады.

    Біз де бала кезімізде спорт деген сиқырлы әлемге қызығып, соның буымен жарыстарға қатысып, кейін қолымызға қалам алып өстік. Енді міне, өзіміз басқа азаматтарды да спортқа қызықтырып, отандастарымыздың жарыс жолындағы жеңістерін насихаттау үшін жаңадан www.sportpress.kz желілік басылымын ашып отырмыз. Сайт 2017 жылдың 26 маусым күні Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінде есепке алынып, желілік басылым ретінде тіркеуден өтті.

    Бұл сайт спорт десе ішкен асын жерге қоятын, соны серік еткен барша азаматтарға арналған. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деген. Ал спорт пен саламатты өмір дегеніміз денсаулықтың кепілі. Жалпы, қазір ғана емес, ата-бабаларымыз есте жоқ ерте заманнан бері адамның шымыр да шыдамды, жігерлі де жинақы болуына қатты мән беріп, өскелең ұрпақтың денсаулығын ойлап отырған. Соның нәтижесінде ел ішінен ақылды, алғыр, табанды балалар өсіп,  ер жеткенде намысты қолдан бермейтін палуан, халқының қамын ойлайтын парасатты басшы, елін жаудан білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғайтын батыр атанған.

    Ал қазір заман басқа. Қазіргі «бозторғай жұмыртқалаған заманда» ел намысы жарыс алаңында сыналады. Кезінде біздің ата-бабаларымыз осы заманды армандап өткен. Олардың арманы, мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі болатын. Енді міне, сол тәуелсіздікке еліміз тарам-тарам ұрпақ арқылы жетіп, қазір халқымыз күллі әлем алдында көк байрағымызды көкке көтеріп, әнұранымызды шырқата алады. Ал шетелде еліміздің көк туы мен әнұраны екі жағдайда ғана көтеріліп, ойналатынын білеміз. Соның бірі Елбасының сапарына,  екіншісі спорт жарыстарында отандастарымыздың жеңісінің құрметіне арналатыны белгілі.

    Сол себепті халық арасында спорт достық елшісі деп саналады.

    Құрметті оқырман! Біздің www.sportpress.kz сайтын ашудағы мақсатымыз да осы мәселеге арналған. Яғни, халық арасында саламатты өмір салтын насихаттап, барша азаматтарды спортқа тарту, дүрмекті әлемдік додаларда туған еліміздің көк туын көкке көтеріп, намысымызды қорғап жүрген ұл-қыздарымыздың жеңістерін ақпараттық жағынан қолдау.

    Құрметпен, www.sportpress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайтының бас редакторы Дастан КЕНЖАЛИН