Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогы үшін турнир болып жатыр.
Үлкен трамплиннен секіруде (Large Hill HS 140) отандасымыз Данил Васильев алтын медаль жеңіп алды. Бұл – FIS кубогының ересектер арасындадағы отандық шаңғымен тұғырдан секіру тарихындағы алғашқы жеңіс. Сонымен қатар осы жарыста бақ сынаған Канвон-2024 қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерн 15-орынға ие болды.
Жарыс бүгін аяқталады. Оған 13 елден 78 спортшы қатысып жатыр.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА