• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Шаңғымен тұғырдан секіру: Данил Васильев алғаш рет FIS Кубогын жеңіп алды  

    Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогы үшін турнир болып жатыр.

    Үлкен трамплиннен секіруде (Large Hill HS 140) отандасымыз Данил Васильев алтын медаль жеңіп алды. Бұл – FIS кубогының ересектер арасындадағы отандық шаңғымен тұғырдан секіру тарихындағы алғашқы жеңіс. Сонымен қатар осы жарыста бақ сынаған Канвон-2024 қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерн 15-орынға ие болды.

    Жарыс бүгін аяқталады. Оған 13 елден 78 спортшы қатысып жатыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *