• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақ күресі федерациясы

    Қазақ күресін Азия ойындарының бағдарламасына енгізу ұсынылды – Ербол Мырзабосынов

    Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ұлттық спорт түрлерінің халықаралық деңгейде дамуы туралы айтты.

    «Қазіргі таңда елімізде 11 ұлттық спорт түрі бар. Бүгінде қазақ күресі мен тоғызқұмалақтан әлемнің 50-ден астам елінде федерациялар құрылған.

    Жуырда Қазақстанға Азия Олимпиада кеңесінің бас хатшысы келеді. Біз қазақ күресін жабық ғимараттағы Азия ойындарының бағдарламасына енгізу жөнінде өтініш бердік. Тоғызқұмалақ спорты да елімізде және халықаралық деңгейде қарқынды дамып келеді. Бұл спорт түрінен әлем және Азия чемпионаттары тұрақты түрде өткізіліп жүр. Алдағы уақытта тоғызқұмалақты да халықаралық кешенді спорт жарыстарының бағдарламасына енгізуге күш саламыз», – деді министр.

    Бұған дейін Қазақстан Республикасының Қазақ күресі федерациясының тұңғыш президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт шебері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ерғали Мухиддинов қазақ күресінің әлемдік деңгейге қашан көтерілетіні туралы мәселе көтерген болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *