• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әбиба Абужақынова әлем чемпионатының қола медалі үшін күреседі

    Дзюдошы Әбиба Абужақынова Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында франциялық Ширин Буклиге есе жіберді. Енді ол кешкі сессияда қола медаль үшін италиялық Ассунта Скуттомен күш сынасады.

    Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, бір жыл бұрын Ташкентте Әбиба мен Ширинның жолы 1/8 кезеңде түйісіп, отандасымыз жеңіске жеткен болатын. Ең жеңіл салмақта сынға түсетін дзюдошымыз Ташкенттегі сол дүниежүзілік бәсекеде де жартылай финалда сүрінді. Ол кезде қола жүлде жолында чилилік Мэри ди Варгастан айласын асырған еді. Енді Әбиба Абужақынова бүгін Доха татамиіне екінші айналымнан бастап шығып, израильдік Тамар Малька мен моңғолиялық Баасанхуу Бавуудоржды ұтты. Сосын сербиялық Милисса Николичтің жауырынын жерге тигізді.

    Қазақстандық спортшы биыл халықаралық додаларда жақсы күресіп, жүлделі орындардан көрініп жүр. Мысалы, ол Париж бен Тбилисидегі Үлкен Дулыға турнирінде қола медаль жеңіп алса, Алмада қаласындағы Гран-Приде отандасы Ғалия Тынбаеваны ұтып, жеңімпаз атанды.

    Жалпы Әбиба Абужақынова – қазақ қыздары арасынан әлем чемпионатында медаль алған тұңғыш дзюдошы.

     

    Шамкен БАЙЫРБЕК,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *