• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан теннисшілері мүгедек арбасындағы турнирде алғаш рет жеңіске жетті

    Теннистен Қазақстан құрамасы Италияның Альгеро қаласында мүгедек арбасындағы ITF UNIQLO WHEELCHAIR TENNIS TOUR сериясы бойынша өткен халықаралық турнирде алғаш рет жеңіске жетті.

    Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, ұлттық құрама алғаш рет мүгедек арбасындағы теннистен өткен халықаралық додада бақ сынады.

    Ел намысын Қарағанды қаласының тұрғыны Евгений Быков пен Федор Старыгин және ақтөбелік Дастан Неязов қорғады.

    Неязов финалға дейін жетіп, соңғы бәсекеде италиялық Алессандро Палондан 1:6, 1:6 есебімен жеңліп қалды. Ол турнирде әуелі  швейцариялық Дэвин Рюшті 6:4, 6:1 есебімен ұтса, одан кейін ширек және жартылай финалда италиялық теннисшілерден басым түсті.

    Евгений Быков пен Федор Старыгин ширек финалға дейін жетті.

    Қазақстан теннис федерациясы 2022 жылдан бастап мүгедек арбасындағы теннисті дамытуды қолға алған болатын. Алғаш рет Қазақстан чемпионаты мен кубогы өткізілді.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *