• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Регбиден Қазақстан құрамасы турнирде жеңімпаз атанды

    Регбиден Қазақстан əйелдер құрамасы Нидерландтың Амстердам қаласында өткен Amsterdam Sevens халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

    Ел құрамасы жеті ойынның барлығында жеңіске жетті. Құрама команда Латвия мен Нидерландтың жоғарғы дивизионындағы клубтарды да жеңді.

    Әйелдер құрамасы былтыр да осы турнирде жеңімпаз атанған болатын. Ал, 2019 жылы «Алматы» клубы турнирдің жеңімпаз тұғырына көтерілді.

    Amsterdam Sevens турнирінің 50 жылдық тарихы бар. Жарыс Еуропадағы беделді турнирдің бірі саналады. Турнир алғаш рет 1972 жылы болған.

    Бұдан бұрын  Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының күміс медалисі болды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *