2-3 желтоқсанда Жапонияның астанасы – Токио қаласында дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі болады. Оған 88 елден 527 дзюдошы қатысады, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясы.
Турнирде ел намысын мына спортшылар қорғайды:
Ерлер:
-60 кг: Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов
-66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрзат Сәлімбаев
-73 кг: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов
-81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мусаев
-90 кг: Айдар Арапов, Ермахан Ануарбеков
-100 кг: Бекарыс Сәдуақас, Нұрлыхан Шархан
+100 кг: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай
Әйелдер:
-48 кг: Әбиба Абужақынова, Ғалия Тыңбаева
-63 кг: Эсмигүл Куюлова
-70 кг: Екатерина Токарева
+78 кг: Назгүл Маратова, Камила Берліқаш.