• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Серік Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды

    Үкіметінің қаулысымен Серік Маратұлы Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады ведомство.

    Серік Жарасбаев 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған.

    М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей халықаралық олимпиада университетін тәмамдаған.

    Әр жылдары бокстан жаттықтырушы-оқытушы, Петропавл қаласы БЖСМ нұсқаушысы, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, бөлім бастығы болып жұмыс істеген.

    2011-2012 жылдары —МСМ Спорт комитеті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, инновациялық технология және білім басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.

    2012-2014 жылдары —Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі департаментінің басқарма басшысы, Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры.

    2014-2018 жылдары —МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары.

    2018-2019 жылдары —МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы.

    2019-2021 жылдары —МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары.

    2021 жылы — «Қазақстандық керлинг, едендік керлинг және петанга федерациясы» РҚБ бірінші вице-президенті.

    2021-2023 жылдары —мәдениет және спорт вице-министрі.

    2023 жылдың наурызынан 2023 жылдың қарашасына дейін — «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы РМҚК директоры қызметін атқарды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *