• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Нұрдәулет Әбікеев

    V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тизері жарияланды (ВИДЕО)

    V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тизері жарияланды. Бұл жарыс 8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында болады, деп хабарлады halyq-uni.kz.

    Көшпенділер ойындарына 100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысып, Астанаға 100 мыңнан астам турист келеді.

    Ат спорты, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, жамбы ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, арқан тарту сынды ойынның 20 түрінен жарыс және ұлттық өнердің 10 түрінен арнайы көрсетілім сайысы өтеді.

    V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты «Астана-Арена» стадионында, жабылуы 10 мың адамдық «Қазанат» ипподромында өтеді деп жоспарланған.

    «Қазанат» ипподромы аумағында «Көшпенділер әлемі» этноауылы құрылады.

    Бір күнде 30 мың келушіні қабылдайтын этноауылда Қазақстан мен әлем елдерінің үздік қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, ақындар айтысы мен төл мәдениетімізді паш ететін қосымша іс-шаралар ұйымдастырылады.

    V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұраны — «ҰЛЫ ДАЛА ДҮБІРІ».

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *