• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Ақжүрек Таңатаров — Алматы облысы дене шынықтыру спорт басқармасының басшысы!

    Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

    Жиында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған үміткер қаралды. Онда еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровтың кандидатурасы жан-жақты талқыланды. Соның нәтижесінде оған комиссия мүшелері келісім берді, — делінген хабарламада.

    Қазіргі кезде Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №7 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы қызметін атқарады.

    Үміткердің спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңірдегі спортты дамытуға қатысты ұстанымы комиссия тарапынан жан-жақты зерделеніп, оң шешім қабылданды.

    Кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады. Ал тағайындау тек Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссияның мақұлдауынан кейін болады, — деп хабарлады министрлік.

    Ақжүрек Таңатаров 1986 жылы туған. 2012 жылы Лондон Олимпиадасы мен 2017 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Ал, 2017 жылы Азия чемпионы атағын жеңіп алды.

    Былтырғы желтоқсан айында бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына басшы болып тағайындалды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *