• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    VIII Қысқы Универсиадада жеңімпаздар анықталып жатыр

    Осы күндері әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған VIII Қазақстан Универсиадасының ойындары одан әрі жалғасып жатыр.

    Бүгін қысқы президенттік көпсайыстан жарыстар аяқталды. Бұл сында қыздар арасында бірінші орынды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, екінші орынды Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, үшінші орынды Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ студенттері жеңіп алды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» баспасөз қызметі хабарлады.

    Ерлер арасындағы жарыстар да қызықты және тартысты өтті. Мұнда М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің жастары алдына жан салмай, бас бәйгені жеңіп алса, екінші орынды Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің студенттері иеленді. Ал үшінші орынды С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің спортшылары қанағат тұтты.

    Жарыс соңында студенттерді Универсиадаға дайындаған жаттықтырушылар да марапатталды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *