• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Олимпиада чемпиондарының ордасы

    Спорт тек денені шынықтыру емес, сонымен қатар тәрбие. Өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруда спорттың орны бөлек.

    60 жылдан астам тарихы бар «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» мемлекеттік мекемесі де болашақ чемпиондардың тәрбиесіне ерекше мән береді.

    Осы жылдардың ішінде біздің мектептен төрт мыңнан астам түлек түлеп ұшты. Олардың арасында спорттағы ең биік белесті, яғни Олимпиада ойындарын бағындырғаны қаншама! Шәміл Серіков, Валерий Люкин, Валерий Тихоненко, Ермахан Ыбырайымов, Ольга Шишигина, Дәулет Тұрлыханов, Ислам Байрамуковтардан бастап, бүгінгі кәсіпқой бокстың жас жұлдыздарының бірі Мейірім Нұрсұлтановтарға дейін талай дарындар тәрбиеленді.

    Біздің мектептің іргетасы қаланған алғашқы күнннен бергі қағидасы спортпен бірге жастарға лайықты тәрбие беру. Бұл жағынан көпшілікке үлгіміз деп мақтанышпен айта аламыз. Мектебімізден шыққан түлектердің әрқайсысы Отанымыздың патриоты.

    Биылғы жыл біздің қарашаңырақ үшін ерекше. Өйткені, қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толды. Осыған орай бірнеше іс-шара өтті. Мысалы, ақпан айында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мектебімізге келіп, республикалық мерейтойды ашып берді.

    «Қажымұқан атамыз – бар ғұмырын күрес өнеріне арнап, көзі тірісінде аңызға айналған адам. Кей деректерге сенсек, балуан бабамыз күрестің бірнеше түрінен 54 мемлекетте белдесіп, 48 медаль олжалаған. Сонымен қатар Қажымұқан Мұңайтпасұлы ел есінде бозкілем төріндегі балуандығымен қатар, домбыра шертіп, ән салған сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз ретінде қалған. Батыр бабамыздың 150 жылдығы осы жылы республика көлемінде атап өтіледі.

    Қазіргі кезде әлемді алаңдатқан пандемияға байланысты салтанатты ашылу рәсімін кең көлемде атап өту мүмкін болмай отыр. Десек те, бұған қарамастан бабамыздың 150 жылдығы лайықты, жоғары деңгейде тойланады деп сеніммен айта аламын», – деген болатын министр.

    Сол жолы Сергей Цырульников, Тимур Сыпатаев секілді елімізге танымал зор күш иелері көпшілікке өз өнерлерін паш еткен болатын.

    Айтпақшы, ресми іс-шарадан кейін Ақтоты Райымқұлова республикалық мектеп-интернат колледжінің жұмысымен танысып, білім ордасында тәлім алып жатқан спортшы жастармен әңгімелесті. Одан бөлек, мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арналған тәрбие сағаттары да бірнеше рет өтті.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз – бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты. Оны кезінде ғұлама ғалым Аристотель де айтып кеткен. Әлемнің көптеген елдері секілді, біздің мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді. Қазақстан – бұрынғы кеңес Одағы аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын заң қабылдап, осы мәселе жөніндегі халықаралық конвенцияларға қосылған алғашқы мемлекеттердің бірі болып отыр.

    Мысалы, 22 сәуірде оқушылармен кездесуге Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа аудандық ішкі істер басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Нарбай Саттаров пен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің уәкілетті өкілі Ерқожа Тілепбердиев келді. Құрметті қонақтар жас ұрпақ тәжірибелерімен бөлісіп, кеңестерін айтты.

    Жалпы, биыл Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көптеген іс-шараларды өткізіп жатырмыз.

     

    Ардақ ҚАЛИЕВА,

    «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

    3 пікір

    1. ремонт Фиат Дукато

      Все расписано достаточно подробно.

    2. Ждем новостей. Если Вы чувствуете, что мышечный тонус стал ослабленным, чувствуете постоянную усталость, облысение или депрессия, Вам нужны гормональные препараты. Рекомендую этот сайт тестостерон уколы цена , это действительно оригинальные и рабочие препараты. Также не нужно забывать, что повысить уровень тестостерона можно за счет правильного питания, сон, отдых и физические нагрузки.

    3. вавада зеркало рабочее

      Б?л жерден бітіріп шы??ан т?лектер болаша?та елімізді? білімді, зиялы азаматтарыны? ?атарына кіретін болады. Сонды?тан, балалар, сендер б?л жерге бекер келмегендері?ді д?лелде?дер! Саба?ты жа?сы о?ып, ?нерлері?ді шы?да?дар! ?азір елімізді? т?кпір-т?кпірінде Олимпиада чемпиондарын ?алай жылы ?арсы алып жат?анын к?ріп отырсы?дар. Болаша?та жар?ырай к?рінсе?дер, сендерді? де ?нерлері?ді солай ба?алайтын боламыз. Бастысы, талмай е?бектені?дер!

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *